Тіс-қызыл иектік шендеуіштер. Альвеолды өсіндіге және тістерге тіреліп бекітіледі.
Вебер шендеуіші төменгі жақ сүйегінің сынық сызығы тіс қатары аумағымен өтіп сынық бөліктерінің әрқайсысында бірнеше мықты тістер болса ғана қолданылады. Шендеуіш альвеолды өсіндісінің тістері жоқ жеріне тіреліп, қызыл иектің шырышты қабатына жанасып тістерді жан-жағынан тығыздап ұстап тұрады. Тістердің шайнау беттерімен кескіш қырларын жаппай тұруына байланысты антагонист тістердің түйісуі бұзылмайды. Бұл шендеуішті сынық бөліктері жылжымаған жағдайда сынық пайда болысымен салып, ем толық біткенше пайдалануға болады.
Ванкевич және Ванкевич-Степанов шендеуішін сынық төменгі жақ сүйегі тіс қатарының аумағында және оның артында болғанда, төменгі жақ сүйегі ақауланып сынған жағдайда қолданады. Шендеуішті төменгі және жоғарғы жақ сүйектері қатарласып сынғанда стандартты сыртқы таңғышпен біріктіре қолдануға болады. Шендеуіштің негізі (Ванкевич бойынша) таңдай базисі болып табылады немесе (Ванкевич-Степанов бойынша) төмен қарай бағытталған еңкіш жазықтығы бар болат доға болады. Негізгі күш жоғарғы жақ сүйегіне түседі. Бұл шендеуішті қолданғанда ауыз қуысындағы сақталған тістердің саны әсер етпейді. Емнің бастапқы кезінде шендеуішке қосымша стандартты иектік сақпан тәріздес таңғышты қолданған жөн.