Стоматология


Патологиялық анатомиясында



бет90/262
Дата06.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#80599
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   262
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

Патологиялық анатомиясында лейкоцитарлық инфильтрация, периодонт тіндерінің аутолитикалық еруі, ірің ошақтары. Ұяшықтың сүйек тіндерінде реактивтік қабыну және дистрофиялық өзгерістер дамиды. Сүйек тіндерінде сорылу басым болғандықтан, қайта құрылу процесі жүреді. Қабыну процесі меншікті сүйек тіндерімен шектелмейді, әрі қарай сүйек кемігіне таралады да оның ісінуі және нейтрофильді лейкоциттермен айқын инфильтрациясы анықталады, бірақ ешуақытта сүйек тінінің некрозы байқалмайды.
Емдеу негізгі іріңді экссідаттағы қабыну ошағынан шығару болып табылады. Ол үшін пульпалық камераны ашып, некрозға ұшыраған затардан тазартып, түбір өзегін кеңейтіп, экссудаттың шығуына мүмкіндік тудырады. Қабыну процестері бәсеңдеген соң тісті пломбылайды. Егер тіс қызметін атқара алмайтын болса, оны жұлады.
Жедел ағымды іріңді немесе өршіген созылмалы периодонтит кезіндегі инфекцияның таралу жолдары және аяқталуы. Белгілі бір уақыттан кейін тіс түбірін қоршаған іріңді экссудат өзіне бір қолайлы жол тауып периодонт сыртына шығады, осыдан кейін қабыну процесі кейін қайтады. Іріңді экссудат түбір өзегінен шығуы да мүмкін.
Периодонттың біртіндеп өршуі нәтижесінде ірің тіс түбірі ұшынан, мойнына таралып, осы жерден сыртқа шығуы мүмкін.
Кей жағдайларда іріңді экссудат, сүйектің ыдырауы және альвеола қабырғасының сол бөлігінде резорбция болса, кеңейген фолькман және гаверс өзектері арқылы сүйек қабына өтеді. Осының нәтижесінде альвеолды өсіндінің бетінде немесе жақ сүйегінің денесінде жедел іріңді периостит дамиды.
Сирегірек ірің альвеолды өсінді мен жақ сүйегі кемігінің аралығымен жүреді, бұл кезде сүйек тіні өледі, яғни жедел ағымды остеомиелит дамиды.
Көп жағдайда қабыну процесі созылмалы ағымға өтіп созылмалы периодонтит дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   262




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет