«Стратегия «Казахстан 2050»: укрепление здоровья нации средствами физической культуры и спорта»


қастерлеуге насихаттау мақсатында жыр кеші болып өтті



Pdf көрінісі
бет51/95
Дата13.12.2021
өлшемі8,46 Mb.
#125670
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95
Байланысты:
3-2014
АнтикорТест, varr10rady (1), varr19rady
қастерлеуге насихаттау мақсатында жыр кеші болып өтті.

Ақұштап... «Өрімтал»... Көктем...

Жас тардың  ру хани  байлығын  молайт у,  поэзияға 

деген  сүйіспеншілікті  ояту,  Ақұштап  Бақтыгерееваның 

шығармашылығын  тереңнен  дәріптеу  міндетін  қолға  алған 

аталған  кеш  ұйымдастырушылары  «Қазақ  филологиясы» 

кафедрасының профессоры Серікқали Ғабдешұлы Шарабасов 

және 2-курс студенттері. Көңілдерге көктем шуағындай сезім 

мен  нұр  құйып  келген,  көктем  мерекесімен  және  еліміздің 

Батыс аймағына тән 14 наурыз көрісу айтымен тұспа-тұс кел

-

ген  бұл  кеш  барысында  барлығы  бір-біріне  жақсы  тілектерін 



тілеп, мәре-сәре боп жатты. Қазақстан Жазушылар одағының 

мүшесі,  халықаралық  «Алаш»  әдеби  сыйлығының  иегері 

ақын  Ақұштап  Бақтыгерееваға  арналған  кешке  қонақ  боп 

ақынның рухани, тілеулес інілері – университетіміздің ректо

-

ры  Асхат  Сәлімұлы  Иманғалиев  және  «Қазақ  филологиясы» 



кафедрасының меңгерушісі Зейнолла Жақсылықұлы Мүтиев, 

«Қазақ  филологиясы»  кафедрасының  профессоры  Абат 

Сатыбалдыұлы Қыдыршаев сынды ұстаздарымыз да қатысты. 

Кеш  шымылдығын  ашқан  құрметті  ұстаз  С.Ғ.Шарабасовтың 

ізінше 1-курс студенттері ақынның тұңғыш жинағы «Өрімталдан» 

бірқатар өлеңдер оқып, бір жағынан Ақұштап апамыздың өткен 

өміріне  саяхат  жасауына  себепкер  болса,  бір  жағынан  ақын 

ізінше  өсіп  келе  жатырған  студенттер  қауымына  ерекше  ой 

салардай  әсер  қалдырды.  Ақын  өмірі  мен  шығармашылығы 

жөнінде  02202-топ  студенті,  Қажым  Жұмалиев  үйірмесінің 

жетекшісі  Сәнді  Бекетаева  да  өзінің  шағын  баяндамасында 

бір  шолып  шықты.  Ақұштап  апамыздың  өлеңдерімен  қатар 

халық  арасында  шырқалып  жүрген  «Жеңеше»  (әні  Донеділ 

Қажымовтікі), «Оралдың ерке самалы» (әні Илья Жақановтікі) 

сияқты әндерін де қазақ филологиясының 2-курс магистранты 

Самал Демесінова, 2-курс студенті Алтынай Амандурдиевалар 

орындап көпшілікті бір серпілтіп тастады. Сонымен қатар, кеш 

барысында ақынның өлеңдері ғана емес, «Ақынға наз» арнауы-

мен Меңдібек Лукбанов сынды жас буын ақын жігіттеріміздің де 

өлеңдері тыңдалынды. Кездесу соңында сөз сөйлеген кештің 

басты  қонағы  Ақұштап  Бақтыгереева  ұйымдастырушыларға 

алғысы мен ыстық ықыласын білдірді. Біз де, барша студент

-

тер  қауымы,  сол  кештің  куәгерлері  ретінде  осы  шағын  ғана 



кездесу  үшін  ақын  Анамызға  сыр  бермес  мықты  денсаулық, 

өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып 

жүре беріңіз! Мәртебеңіз мәуелі бәйтеректей асқақтай берсін 

демекпіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет