«ӨЗІНДІК ЗАТ» ЖӘНЕ «БІЗДІК ЗАТ» - философиялық терминдер, бірінші – заттар өз өзімен өмір сүреді, олар бізден және біздіңн танымыздан тәуелсіз; екінші–заттар адамда таным процесінде танылады.
ИДЕАЛИЗМ - материя мен сана жағдайында бірінші болып сана (идея, рух) пайда болады деп, ал материя рухтың көрінісі, туындысы деп есептейтін философиялық бағыт.
ИДЕОЛОГИЯ–қоғамдық идеялардың жиынтығы, теорияны, көзқарастарды терістейді және әлеуметтік шындықты бағалайды.
ИДЕАЛДЫЛЫҚ–сананың мәні болып табылады.Адамның мақсатты көздеген іс-әрекетінде пайда болатын обьективті нақтылықтың субьективті бейнесі. Идеалдылық адамға тәуелсіз болмыстың формалары және адамның саналы іс- әрекеттерінің мақсаттары мен дәлелдерін құрастыратын олардың барлық қоғамдық мәтіндерінің жиынтығы
ИДОЛ–шындықтың бұрмаланған бйнесі, санадағы қате түсінік(Бэкон).
ИНДЕТЕРМИНИЗМ (лат. in- сөздің алдындағы қосымша, терістеу деген мағынаны білд.), дүниедегі құбылыстардың себебі мен заңдылығын теріскешығаратын философиялық ілім, (немесе ғылымдағы себепті түсіндіру). Ерікті автономды өзіндік күш ретінде қарастырады.
ИНДИВИД–адамзат тегінің жеке өкілі, адамзаттың барлық психофизиологиялық және әлеуметтіксипаттарын: ақыл, ерік, қажеттілік, қызығушылық т.б.таратушы.
Достарыңызбен бөлісу: |