Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет23/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Өзін тексеру сұрақтары:

Қазыбек бидің халықты біріктіру идеясы.сипаттаңыз 

Қазыбек бидің саяси-әлеуметтік сыни көзқарастары айқындаңыз 

Қазыбек бидің қанатты сөздері.ашып беріңіз 

Қазыбек би қазақ шешендік сөз өнерінің бастауы ретінде. көрсетіңіз

Қазыбек би шығармашылығындағы билік мәселесін талдаңыз
Өзіндік жұмыс сұрақтары: 

Жеті жарғы заңы қазақ халқының рухани қазынасын қалай түсінесіз 

Қазыбек бидің Жеті жарғы заңын құрастыруға қосқан
үлесін нақтылаңыз 

Ел басқару ісінде билердің ақын-жыраулардың орнын салыстырмалы 
түрде сипаттаңыз 

Қазыбек бидің рухани мұрасын сараптаңыз 
Қазақ халқындағы билік философиясының мәнін талдаңыз 
 
 
 



90 
------------------------------------------------------------------------------------------------- ----------------------------------------- 
4.6. Әйтеке би 

қара қылды қақ жарған шешен 
Әйтеке би Байбекұлы (1644-1700 жж.)
Қазақ сахарасының қай 
тарабынан көз салсаң да жанарыңа әуелі үшеуі ілігетін.Иә, ол да үш арыстың 
тірегі, үш асылдың бірі еді. Дүние жалған десейші! 
Мәртөбе мен Күлтөбе күнде жиын кезеңде алты алашты аузына 
қаратқан сол үшеуінде күндердің күнінде біреу білсе, біреу білмейтін болады 
деген кімнің ойына кіріп шықты дейсің?! Өздері түгілі, астарындағы 
аттарының мінезін, қолдарындағы қамшыларының сыр сипатын әркім ақ 
жазбай танымас па еді?! Ал енді сол үш бәйтеректің өзін бірден шалса, бірде 
шалмайтын, бірде таныса, бірде танымайтын көз қанша?! Үшеуінің жұбын 
жазбай танитын жанар, үшеуінің қасиетін айтпай ұғынатын көкірек жылдан 
жылға азайып, есін енді жиған ел жұрт үшін тайға басқан таңбадай дәл 
мағлұмат беретін көре қалған, ести қалғандардың өзі таусылып бітуге 
айналған. 
Бір ғасырда, бір кезеңде, бір мақсат жолында тізе ажыратпай бірге 
күрескен үш сабаздың тағдыры үш қилы болғанға ұқсайды. 
Біреуі асарын асап, жасарын жасап, ағайын ортасында, сонау пейіштей 
әсем Баянауыл аймағында дүние салып, әуелі аманат ретінде сол араға 
қойылып, артынан Түркістандағы Әзірет Сұлтанның киелі қорымына әкеліп 
жерленеді. 
Біреуі төбе би болып қана қоймай, өле өлгенше бір ұлыстың төре 
билеушісі бола жүріп, қастандыққа ұшырап, шәйіт кетеді де, исі түркі 
байтағы Шаш шаһарының қақ ортасынан топырақ бұйырып, үлкен кіші 
бірдей тәуіп етер әулие атанады. 
Ал үшіншісі... Туған жылы белгісіз. Өлген жылы белгісіз. Жаткан жері 
белгісіз. 
Белгілісі: алаш ішінде Алшыннан.Алшын ішінде Әлімнен.Әлім ішінде 
Төртқарадан.Төртқараның Қарашы.Қараштың Сейітқұлы. 
Сейітқұл болғанда, кәдімгі Әз Тәукенің төртінші атасы, атақты Қасым 
хан өлген соң біраз уақ қазақ билігін қолына алған Шығай Жәдікұлы1581 
жылы күллі ұлысымен Сырдарияның сағасындағы қонысын тастап, 
Самарқанның теріскейіндегі Нұрата тауына көшкенде, қасына төртқара 
Сейітқұл дегенді ерте кетпейтін бе еді,- сол Сейітқұлдың дәл өзі. 
Сейітқұлдың сегіз баласының аты жер жарған. Ең атақтысы Жалаңтөс сол 


91 
кезде бар болғаны бес жаста екен. Сол жалантөс Нұратада жүріп, Бұқар мен 
Тамды маңындағы қазақ ұлыстарын билеп отырған Ақназарұлы 
Дінмұхаммедтің көзіне түседі. Ол кәдімгі - Хафиз Таныштың Абдулла 
нәмесіндегі Дінмұхаммед. Қасым өлгесін, шырқы бұзылған Қазақ 
хандығының еңсесін қайтадан тіктеп берген әкесі Ақназардың саясатын одан 
әрі жалғастырып, Абдолла әулетінен өрбитін билеушілермен батыл 
тайталасқа шығып, қазіргі Орта Азияның кейбір шаһар мемлекеттерінің 
тізгінін өз қолына ала білген қазақ ханы. Жалаңтөс те Дінмұхамедтің сол 
күресі үстінде көзге түссе керек. Оның Бұқар, Самарқан, Гератта бас 
қолбасшылық, тіпті билеушілік дәрежеге жетуінің де арғы астары осында 
жатса керек. Не де болса, Жалаңтөстің дәулеті мен беделінің асқандығы 
сонша, Самарқандағы әлі күнге дейін көздің жауын алар Шердор, 
Тілләқараны салдырады. Әз Тәукенің әкесі Салқам Жәңгір жоңғар 
шапқыншылығын тойтармақ боп, қиын шатқалда шайқас салғанда, артынан 
жиырма мың қол бастап келіп, жеңіске жеткізеді. Тәуке тұсындағы Кіші 
жүздің ұлысбегі Әйтеке, міне, осындай ықпалды әулеттен шыққан.
Ол Жалаңтөстің әкесі бір, анасы бөлек бауыры Ақшаның үшінші баласы 
Байбектен туады. Бір ғажабы, осындай атақты тұқымнан өрбіген атақты 
бидің қай жерде жерленгені беймағлұм. Туған, өлген жылының белгісіз 
болуы да соған байланысты секілді. Оны анықтау үшін не зиратын, не сол 
кезеңнің археографиялық ескерткіштерінен жазбаша дерек табу керек. 
Өйткені оның тізелестері Төле мен Қазыбек билердің“Ақтабан” оқиғасынан 
кейінгі өмірінің негізгі сипатын сол кездегі орыс қазақ қатынастары 
құжаттарынан ұшырастыруға болады. Олардың қай жылы туып, қай жылы 
өлгені де сол деректер бойынша айқындалып отыр. Ал аталмыш кезеңдегі 
орыс қазақ қатынастары жайындағы деректерде Әйтекенің аты 
ұшыраспайды. Рас, кейінгі жылдарғы кейбір тарихи зерттеулерде, мәселен, 
В. А. Моисеевтің “ Джунгарское ханство и казахи XVII – XVIII вв.” деген 
еңбегінде Нұралы сұлтан әкесі Әбілқайырды өлтірген Барақты құрамында 
Ұлы жүз Төле би, Кіші жүз Әйтеке би, Шөмекейден - Жалған би, 
Шектілерден - Сырлыбай мен Баба би, Ысықтан - Кебек мырза кірген билер 
сотына тартты, сот Барақты ақтады дейтін дерек кездеседі. Оны дәлелдеу 
үшін Ш. Уәлихановтың 1985 жылы шыққан бес томдығының төртінші 
томының 88 –бетіндегі деректерге сілтеме жасайды. Ал ол деректі сөзбе сөз 
аударсақ: “Мәселен, Орта жүздің аса күшті билеушілерінің бірі Барақ сұлтан 
1758 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіріп, өзін тергеу үшін барлық 
қазақ билерінің ішінен төртеуін таңдап ап, сот құрады. Олардың қатарына 
Үлкен Ордадан Төле би, Кіші Ордадан Әйтеке би кіреді”,- делінген.
Ш. Уәлиханов бұл арада қандай дерекке сүйенгенін айтпайды. Істің 
келісіне қарасақ, Кіші жүз ханының өлімін тексеретін дауға Кіші жүздің бас 
биі Әйтекенің кіруі әбден заңды. Бірақ орыс қазақ қатынастарының 
Әбілқайыр өліміне байланысты ақпарларында Әйтеке есімі атымен 
ұшыраспайды. Оның үстіне, Барақ Әбілқайырды 1758 жылы емес, 1748 
жылы күзде өлтірді. Екіншіден, 1758 жылы Барақтың ешқандай билер сотына 
жүгінуі мүмкін емес. Өйткені ол 1750 жылы Қарнақ деген жерде бір қожаның 


92 
үйінде қонақасы үстінде уланып өлген. Ендеше, әңгіме 1748 жылдың 
күзіндегі оқиғалар турасында болса керек. Ал олар сол кезде Бопай Ордасы 
мен қазақтар арасында болып қайтқан тілмаш Ю. Гуляевтің, казак атаманы С. 
Абдрезяковтың күнделіктерінде егжей тегжей жазылған. Қыркүйектің 23 – і 
күні Бопай ханшаға Әбілқайырдың бұрынғы әйелінен қалған қызына 
үйленген күйеу баласы Жәнібек сұлтан ( кейбір авторлар Шақшақ Жәнібек 
батырды сұлтан Жәнібекпен шатастырып, ханға күйеу бала қылып қоятыны 
бар) келіп: “Барақ сұлтан туралы хабар келді. Оны Орта жүздің Қаракесек 
руының Қызыбек би бастаған игі жақсылары Ұлы жүз бен жоңғар 
қалмақтарына асып кетуіне жол бермей, тоқтатып қойыпты.
Соның қырсығынан күллі Орта жүз қазақтарына пәле келеді депті. Күллі 
Ордамыздың көші қонын кеңейтіп берген атақты ханды өлтірдің екен, енді 
өзің бас хан болып, Айшуақ сұлтанның орнына балаңды аманатқа жіберіп, 
ұлы ағзамның пәрменінен бізге берілген кең өрістің қауіпсіз болуын 
қамтамасыз ет. Олай ете алмайды екенсің, сен үшін, сенің серіктерің үшін 
Кіші жүзбен жаманатты болар жайымыз жоқ. Әбілқайыр балаларына ұстап 
береміз, не істегілері келсе,соны істесін”,- депті. Оларға Барақ:”Мен 
Әбілқайырды өлтірсем, суайттығы үшін өлтірдім.Ол суайт еді. Аз суайттық 
жасаған жоқ. Маған да көрсетпегені жоқ. Күйеу баламның Хиуадан жіберген 
үш түйе затын жол жөнекей тонап алды. Бұл сендер секілді қарашының 
араласар шаруасы емес. Ол билеуші болса. Мен де билеушімін. Бір бірімізге 
не істеп, не қоятынымызды өзіміз білеміз. Ол Бөлекей ноян тұқымы болса, 
мен Шығай тұқымымын. Оның бізбен таласар не жөні бар? Біздің әулеттің 
олардан абыройы кем бе? Атағы кем бе?”- деп жауап беріпті.
Сөйтіпті де, төрт биге, атап айтқанда, Кіші Орданың Алшын 
Төртқарасының Қаратоқасына, Орта жүздің Қаракесегінен Қожанайдың 
Мәмбет аталығына, Бағаналы Найманның Өтебайына өз атынан сәлем 
жолдап, “егер солар Әбілқайырды өлтіргенің теріс болды десе, басымның 
еркін соларға беремін”,- депті. Көріп тұрмыз, бұлардың арасында Төленің де, 
Әйтекенің де аты жоқ. Ю. Гуляевтің күнделігінде келтірілген бұл деректі С. 
Абдрезяков қуаттайды. Оның айтуынша, Барақ Наймандағы Өтебай Шүрек 
биге, Қабанбай батырға, Қаракесектегі Қазыбек биге үш кісі жіберіп:” 
Әбілқайырды өлтірдім. Қазақтар оның орнына мені хан қояйын деп жатыр”,- 
деп хабарлаған. Оған жоғарыда аты аталған игі жақсылар қатты наразы 
болған. “Әбілқайыр баласын аманатқа берсе, өз пайдасымен қоса, ел 
пайдасын да ойлады; сол арқылы еліміздің жайлайтын жерін кеңейтті: сауда 
саттықты жақсартып, халқымыздың мұқтаж нәрселерін тауып берді. 
Сондықтан да оны атақты әрі бас ханымыз деп білдік. Оны өлтіріп, өз басыңа 
өзің қауіп тілеп алдың. Барақ, сен ел көңілін тапқан кезде, хан болмасаң да, 
ханнан кем болған жоқсың. Бірақ бұл жолы сені хан деп мойындай 
алмаймыз”,- деп, Барақтың жаушыларын құр қол қайырыпты.
Сұлтан Төле биге хабаршы жіберген екен. Одан да сондай жауап 
алыпты. Амалсыз Сарысудың жоңғар жағына көшіп қоныпты. Қасында бес 
жүз шаңырақтай ғана ел қалыпты. 
Осылай жан жақтан дүңк - дүңк хабар жетіп жатқан кезде, Әйтеке 


93 
жайында ләм - мим сөз жоқ. Қазанның 2 – і күні Бопай бәйбішенің ауылында 
Нұралы ақ киізге көтеріліп, хан сайланды. Оған қатысқан игі жақсылардың 
арасында Әйтекенің аты аталмайды. Араға аз күн түскесін, Нұралыны хан 
сайлағандар жан жаққа аттанып кеткесін, қазанның 15 –күні Батыр сұлтан 
хан сайланады. Оны сайлағандардың арасында Әйтекенің аты жоқ. Ал 
Моисеев кітабында айтылатын Шөмекей Жалған, Шекті Сырлыбай, Бәби 
Мөңке, Ысық Кебек билерге келетін болсақ, 1748 жылдың 27 қыркүйегінде 
Бопай үйінде Шақшақ Жәнібек батыр қатысқан Орта, Кіші жүз 
рубасыларының кеңесіне Барақтың одақтасы Батыр сұлтанды да шақырып 
келу үшін әлгі төрт би жұмсалады. Олар барса, Батыр сұлтанның үйінде 
Әйтеке бидің балалары Жалтыр мен Қонысбай, Шекті Тілеміс билер бастаған 
игі жақсылар отыр екен. Олар Бопай үйіндегі мәслихатқа барудан бас 
тартқан. Жалтыр мен Қонысбайдың Әбілқайырды емес, Батырды 
жақтайтындығы 1731 – 1733 жылдардағы Тевкелев күнделігінен де белгілі 
болатын. Бірақ сол 1723 жылдан былайғы Қазақ даласындағы аласапыран 
жағдай туралы Ресей әкімшілігіне түсіп жататын әртүрлі ақпарларда Әйтеке 
аты бірде бір рет ұшыраспайды. Неге олай? Бәлкім, Әйтекенің орыс қазақ 
қатынасына байланысты ұстанған саяси бағытынан болар? 
Олай дейін десең, Әбілқайырмен бірге 1731 жылдың қысында Тевкелев 
шатырына оңаша кеп ант беретін Батыр сұлтан, патшаға Кіші жүз елшілігі 
кеткенін естіп, 1733 жылы Уфаға өз елшілігін аттандыратын Сәмеке хан, 
1734 жылы Ұлы жүз елшілігін Петерборға жіберген Қодар, Төле, Сатай, 
Ханкелді, 1738 жылы Әбілқайырмен бірге Татищевке барып ант беруден 
тартынып, 1740 жылы Урусовқа барып ант беретін Әбілмәмбет, Абылай,1735 
жылдың 20 желтоқсанында қарауларындағы Керей сұлтан, Дәулен, 
Тілеуімбет, Шорабай, Шүрек, Тәнеке, Боқай, Қалқаман, Шұбар, Ерназар, 
Сүйіндік, Қабанбай, Жарасбай, Елқонды, Жекеман, Жарылқап, Өтебай, 
Балтемір, Тоқаш, Тоғын, Сатыпалды, Қонақбай сынды рубасыларымен 
бірге,” Әбілқайыр қалай мойынұсынса, біз де дәл солай мойынсұнамыз”,- 
деп, бодандыққа алуды өтініп хат жазып, қарауындағы қырық мың үйімен 
1742 жылы қарашада бодандықты қабылдап, ант беріп, патшаға Сырымбет 
Бекбасұлын елшілікке жіберетін Барақ сұлтан, 1745 жылдың қазанында 
қарауындағы он мың үйімен бодандықты қабылдап, рахманқұл биді 
елшілікке жіберетін Күшік, ұзақ уақыт үн - түнсіз жатып алған Қазыбек пен 
Бұқар жайындағы деректердің ешқайсысын қағыс қалдырмай, бәрін қағазға 
тіркеп баққан орыс әкімшілігі дәл солар тұрғылас Әйтекеден мұнша нағып 
көз жазып қалған? Ол кездегі деректерден Қазақ арасындағы саяси ахуалдың 
біркелкі, бірыңғай емес екенін айыру онша қиын емес.
Мәселен, Әбілқайырдың бос тұрған бас тақты иемденіп қалу үшін сонау 
Тәуекел, Тәуке заманынан бері айтылып келе жатқан әңгімені қозғап, патша 
ықпалын пайдаланғысы келгені, онысынан ештеңе шықпасын байқап, көрші 
Иран, Түркия, тіпті жоңғар қонтайшысымен астыртын байланыс жүргізе 
бастағаны, бас тақты Өсеке әулетіне беріп қоймас үшін, олардың жолын 
бөгеу мақсатында өздері де ақ патшаға үсті - үстіне елші аттандырып, 
бодандық сұраған Жәдік әулетінің әрқилы өкілдері Сәмеке, Әбілмәмбет, 


94 
Абылай, Батыр, Барақ, Күшік басындағы бірде олай, бірде былай аумалы - 
төкпелі ахуалдар, қол астында амалсыз отырған жоңғар қонтайшысына бір 
жақты кіріптар болып қалмас үшін, оқтын - оқтын орыс әкімішілігіне де елші 
аттандырып отырған Жолбарыс хан мен Төле би саясаты, бодандыққа ант 
бердік екен деп, орыс патшасының ғана иегінің астында кетіп, екінші жақтан 
қауіп шақырып алмау үшін, Цинь билеушілерінің де қас қабағын аңдыған 
Абылай дипломатиясы, екі жақтан бірдей кезенген екі күштінің екеуін де 
емексіткенімен, екеуіне де түбегейлі ыңғай танытпауды көздеген Қазыбек 
пәтуасы, бір жағынан Қызылтау мен Ертіске қол сала бастаған патшадан, 
екінші жағынан шапанының шығыс жақ шалғайына шап бергелі отырған 
шүршіттен бірдей қауіптенген Бұқар уайымы жүйе - жүйесімен тайға басқан 
таңбадай сайрап тұр. Осындай дәнданадай кезеңде заманында бір арыстың 
ұлысбегі болған, ата - тегі сонау Шығай, Ақназар, Салқам Жәңгір, Тәуке 
замандарынан бермен қарай қазақ саясатына белсене араласып келе жатқан, 
үш жүзге сөзі бірдей өтімді Әйтекенің әлгі ағымдардың ешқайсысына 
қосылмай, тым тырыс жатып алуы мүмкін бе, сірә? 
Атақты үш бидің- Төле, Қазыбек, Әйтекенің бір ананың тетелес үш 
қылындай қатар аталып, қатар қадірленуі де, ел жадында бірдей қалуының
басты сыры да осында: киелі үштік санында.Бұл алуандас болжамды кейінгі
жылдары ғана қолымызға тиіп отырған Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Даналар» 
атты өлеңінде де табамыз. Онда : «Қазыбек Әйтекеден көсем өткен, 
Әлдибек, Айтпай, Майлы шешен өткен. Жолы үлкен жасы кіші Төле бидің
Әйтеке, Қаз дауысты қазыбектен ,» делінген. Ол мұны неге сүйеніп айтып
отыр? Оның жауабы әлгі өлеңнің өзінде тұр: « Өнерге құлаш ұрып бала 
жастан, тарихын бұл үш жүздің етіп дастан, Баласы Толыбай сыншы
Қожаберген Бой ұрған ерен іске әкел бастан». Демек, ақынның тілге тиек 
етіп отырғаны ХVIII ғасырда өмір сүрген Қожабергеннің «Елім ай» 
дастаны. Әнші, күйші, ақын, елшіліктк де жүріп көрген көзқарасты кісі 
Қожабергеннің айтуы бойынша, Әйтеке елу дастанның композициялық
құрылымына , сөз болып отырған оқиғалардың баяндалу ретінде қарап
топшылауға болатын сияқты. Дасиан: «Баласы Халдан Бошақтың Сыбан 
Раптан, көрші елді жауламақ болып көз алартқандығынан » басталды да ,« 
Ызғарлы күн шығыстан жел келеді, Шұбырған Алтай жақтан ел келеді, 
Еділден ұбашы қалмақ тағы шапты, Зор бөгет тас маңдайға кез келеді » , 
дейтін замандағы қазақтың басына түскен қиын жағдайды түгел
баяндайды. 
Сонда Әйтеке екі жақтан жау қалмаған қазақтың бас көтерерлерінің
басқыншыға қарсы шыға алар қару іздеп, орыс, қытай тараптарына елші
жүгіртіп одан ештеңе шықпай, дағдарған тұсында айтылады: « Қаруын
орыс пен қытай сатпаған соң, қатынас арадағы тоқтаған соң, Сенделді
хандар, билер ақыл таппай, кенеттен қалмақ елді таптаған соң; Өткен жыл 
Әйтеке би дүниеден өтті, келгенде елу алты жасқа ажал жетті, « Бағыну
бір көсемге дұрыс қой! » - деп Боларын осы апатты болжап кетті. Төреден
Әйтеке би безін деді, келді ғой көсем сайлар кезің деді, қазақты батыр
көсем басқармаса, быт-шыт қылар жау қалмақ, сезін деді; хан, сұлтан, төре


95 
күні өткен деді, олардан ақыл айла кеткен деді,; қазағым, өзіңді өзің тұтас 
ел қып, басқарар енді уақыт жетті деді; ақылды болсын батыр көсем деді; 
басқарса қазақ баолар есен деді; көрші елмен татуласып, тіл табысар, тағы 
да болсын өзі шешен деді; осындай көптен көсем ізде деді; хандарды
шетттетуді көзде деді; өазақты төре бастап, көгертер деп, малтаңды, би 
мен бектер , езбе деді; үш жүзден үш ақылшы болсын деді, қазаққа бақ
пен дәулет қонсын деді, сайлаған көсемдерің кемеңгер боп, халықтың
болашағын шолмсын деді; бұл сқзді би мен бектер ұға алмады, бас
қосып, дұрыс кеңес құра алмады; үш жүздің шонжарлары төре жақ боп, 
ортадан батыр көсем шыға алмады, өткен күн, ойлағанмен , қайта оралмас, 
бақыт құс ұшын кетсе, қайта қонбас; өсиетін Әйтекенің естеріне ап, 
Қазыбек, төле, Ақсуат шешен жорға, қиналды ақыл таппай осы жолда; 
сайланды Әбілқайыр әскербасы, өзінше ел билігін алып қолға; жас биі
Кіші жүздің Малайсары, ол дағы ақыл айла таба алмады; бас қосып, 
Күлтебеде кеңес құрып, жөн көрді, қоршау бұзып құтылғанды. » Бағзы
дастанның суреттеп отырған кезеңін тарихи деректер де тап осылай
сипаттайды.
Расына келсек, қазіргі біз біліетін алауыздық пен әкімшілік ол заманнан 
көп кейін, ол заманда қалыптасқан ел билеу жүйесі әдейі аяққа басылған 
кезде шықты. 1824 жыл хан билігі, 1868 жылы сұлтан билігі жойылды. Сол 
арқылы қазақ даласы дәстүрлі мемелекеттік сипатынан айырылды. Оған 
басқа топырақта қалыптасқан бюрократтық билеу жүйесі күшпен тиелінді. 
Елден гөрі өз басын, ұлттан гөрі ағайынын көбірек қамтып, ақылдан гөрі 
айла-шарғыны көбірек малданатын пысықайлардың «партияшыл», «топшыл» 
күресі етек жайды. Ру – ру болып, ата-ата болып, билікке таласу да содан 
шықты. Сондай кикілжіңді тілге тиек ету үшін, «анау ауылдан шыққандар 
шетінен сұңғыла, мынау ауылдан шыққан шетінен миғұла» деп, бірін бір 
көзге шұқитын әдет пайда болды. Көзі тірі жүргенімізіді жбылай қойып, 
баяғыда сүйегі қурап қалған бабаларымызды әрі итеріп, бері жығатын болып 
бара жатырмыз. Бүгінгі ұсақтығымызды соларға теліп, адамды қойып, рулы 
елді жөргектен қағынған қып көрсетуге машықтана бастадық.
Бір заманда бірдей әрекет қалғандардың біреуін ақтап, біреуін қаралау 
үрдіске айналды. Бүкіл елдің басына келген зауалды біреулердің басына тели 
салу, тарих берген талайды өзіміздей екінші біреуден көру етек жайды. Тіпті, 
басқаны қойыпбаршамызыдың басымызға түсіп, баршамыз болып әлі 
арылып болмаған отаршылдық зауалының өзін бір-бірімізідің бетімізге 
шіркеу салу үшін тілге тиек ететіндер де табылмай қалып жатқан жоқ. 
Отаршылдық – тек біздің ғана емес, адамзаттың басым көпшілігінің басына 
тұскен тақсырет. Одан құтылу үшін бір-бірін әрі итеріп, бері жығатын әуре-
сарсаң емес, ортақ мақсат жолындағы ынытмақ керек. Ондай ынтымақ бір-
бірімізден мін іздеу жолымен емес, әрқайсымыздың көкейкесті мүддемізді 
бірдей елеп, бірдей ескеру жолымен орнайды. Төле, Қазыбек, Әйтеке 
есімдернің 
әлі 
күнге 
аузымыздан 
түспейтіндігі 
де 
сондықтан. 
Замандастарына сүйек сындырысып, жаға жыртысуды емес, бірі жең, бірі 
жаға, бірі іні, бірі аға болуды, өзара теңдік арқылы елдікке, елдік арқылы 


96 
өзгелермен теңдікке жетуді үйреткіндіктерінде. 
Шымкент қаласының ортасында Ордабасы деп аталатын алаң бар. Оған 
бір тараптан Төле би, екінші тараптан Қазыбек би, үшінші тараптын Әйтеке 
би көшелері келіп тоғысады. Үш сала – бар арна. Қай істе де, қай тұста да 
осыны ұмытпасақ талай кемісіміз түзеліп, талай ортамыз толар еді-ау... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет