Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет3/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

Курстың мақсаты:
Әл-Фараби және ұлы дала ойшылдарының 
арасындағы тарихи мәдени байланыстарды жан-жақты қарастыру, сонымен 
қатар ұлы дала перзенттерінің ғылыми философиялық ой-пікірлерін 
зерделеу. 
Курсты оқытудың міндеті: 
- әл-Фараби және ұлы дала ойшылдарының көзқарастарын; 
-
түркілік дүниетаным деп аталатын мәдени-кеңістіктегі дала
данышпандарының идеяларын жан-жақты қарастыру; 
- қазақ халқының рухани мәдениеттегі ақын-жыраулардың алатын 
орнын; 
- қазақ ағартушыларық идеяларының маңыздылығын ашу; 
- қазақ зиялыларының саяси-әлеуметтік көзқарастарын талдау;
«Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы» атты оқу құралы 
жалпы, жоғары оқу орындарының гуманитарлық ғылым саласында оқитын 
бакалавр және магистрант студенттеріне арналған. 
Ежелгі ескі заманнан бастап, кешегі кеңестік кезең келмеске кеткенге 
дейінгі ұлан-ғайыр мерзім-мезгілдер аралығында Ұлы Дала төсінде небір 
кемел ойлы кемеңгерлер ғұмыр кешіп, көшпелілер өркениетіне өлшеусіз үлес 
қосқанын бүгінде ешкім де бекерге шығара алмайды. Ендеше ұлттың ұлы 
тұлғаларын білу - тарихи тамырын тану, сол арқылы қазіргі заманға лайықты 
көзқарасыңды, отаншылдық сана-сезіміңді қалыптастыру.
Бұл оқу құралында әл-Фарабидің саяси-әлеуметтік көзқарастары және
Ұлы Дала өркениетінің данышпан ойшылдарының әлеуметтік 
философиялық идеялары терең теориялық тұғырдан жан-жақты 
зерделенген. 
Оқу құралы: А. Қасымжанов, А. Машани, А. Көбесов, Д. Кішібеков, Ә. 
Дербесалиев, А. Қасабек, Ж. Молдабеков, А. Егеубаев, Ж. Алтаев, Т. 
Ғабитов, Б. Нұржанов, М. Қойгелдиев, Т.Омарбеков, К. Нұрпейісов, О. 
Қоңыратбаев, Ә. Нысанбаев, Қ.Әбжанов, Ғ. Құрманалиева, С.Нұрмұратов, 
Д.Құсайынов, т.б.сынды отандық ғалымдардың ғылыми еңбектерінің 
негізінде жазылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет