3.12 Судың сапасы: Су пайдаланудың нақты түрлеріне жарамдылығын анықтайтын
судың құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы.
3.13 Су сапасын бақылау: Су сапасы көрсеткіштерінің белгіленген нормативтер
мен талаптарға сәйкестігін тексеру.
3.14 Бақылау жармасы (тұстамасы): Судың сапасы бақыланатын су ағынының
көлденең қимасы.
3.15 Ағыс коэффициенті: Осы аумақта осы жаңбыр кезіндегі уақыт ішінде су
жинау бетіндегі беттік ағыс көлемінің бір жаңбырдың ішінде түскен жауын-шашынның
жалпы көлеміне қатынасы.
3.16 Жалпы ағыс коэффициенті: Белгілі бір уақыт кезеңінде (тәулік, ай, маусым,
жыл) жаңбырлы кәріз жүйесіне түсетін, атмосфералық жауын-шашынның барлық
сомасынан, оның ішінде осы кезең ішінде аз қарқынды жауын-шашыннан түсетін беттік
ағын санын (ағыс қабаты немесе көлемі) есепке алатын ағыс коэффициенті.
3.17 Ауыспалы ағыс коэффициенті: Су жинау бассейні бетінің түріне, сондай-ақ
жаңбырдың қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты ағыс коэффициенті.