ҚР ҚЖ 4.01-106-2018 35
орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптарға», ал қайта пайдаланылатын сулар тұтынушының
санитариялық - эпидемиологиялық және технологиялық талаптарына жауап беруі керек.
Сондай-ақ тыңайтқыш және басқа да мақсаттар үшін ағынды сулардың
залалсыздандырылған тұнбаларын пайдалану мүмкіндігін анықтау қажет, сондай-ақ
ағынды сулардың су объектілеріндегі сумен араласу және араласу дәрежесін және ондағы
ластаушы заттардың фондық құрамын ескеру қажет.
Ағынды сулардың су объектілеріндегі сумен араласуын және араласу дәрежесін
«Қазақстан Республикасының жер үсті суларын қорғау қағидаларына» сәйкес анықтау
керек.
6.1.2 Ағынды сулардың залалсыздандырылған тұнбаларын жинау және кәдеге
жарату мәселелерін шешу қажет.
6.1.3 Көп
компонентті
қоспалардың
тотығуының
орташа
жылдамдығын
эксперименттік деректер бойынша қабылдау керек; олар болмаған жағдайда көп
компонентті қоспаға кіретін заттардың тотығу жылдамдығының орташа өлшенген
шамасы ретінде тотығу жылдамдығын қабылдауға рұқсат етіледі.
6.1.4 Ластаушы заттардың орташа мөлшерін, олардың шоғырлануын және бір
тұрғынға тұрмыстық ағынды сулардағы сипатын анықтау үшін 6.1-кестені қолдануға жол
беріледі.
Ластаушы заттардың шоғырлануы мен сипатын нақты елді мекеннің ағынды
суларында бір тұрғынға үлестік су бұрудан және зертханалық зерттеулер нәтижесінде
алынған деректерге сәйкес анықтау қажет.