Т сұраныс пен ұсыныс Сұраныс заңы. Сұранысқа ықпал жасаушы факторлар



бет6/6
Дата19.03.2022
өлшемі80,24 Kb.
#136412
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЭжБН-7 Сұраныс пен ұсыныс

Қысқа мерзімді кезеңде фирманың ұсынымды өзгертуге уақыты жоқ. Бұл қысқа мерзімді кезеңде ұсынымның абсолютті икемсіз екенін білдіреді.
Орта мерзімді кезеңде фирма резервтерін пайдаланады және өндірісті көбейтеді. Ұсыным
икемділігі оң, яғни нөлден үлкен болады.
Ұзақ мерзімді кезеңде фирма ескі құралдарды жаңасымен ауыстыру арқылы өндірісті қайта құра алады. Бұл кезеңде икемділік коэффициенті максималды болады. Шаруашылық практикасында икемділік анализі бөлім тауарлар мен қызмет көрсетулердің мөлшерін анықтауға, фирманың бағалық саясатын жоспарлауға, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кезеңде шығынды азайтуға, табысты көбейтуге көмектеседі.
Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тауардың рыноктағы бағасына тәуелділігі нақты қарауды керек етеді. Әр түрлі тауарлар бір-бірінен сұраныс пен ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді.
Рыноктағы сұраныс көлемінің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіні немесе баға өскенде кемитіні бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің дәрежесін сипаттайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет