Тақырыбы: Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау. ІІ жаңа тақырыпты түсіндіру: Денсаулықты нығайту



бет83/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#88565
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
Пән Денсаулықты нығайту
sabaq-kz attachment omzh.-aza-tl-8-synyp, sabaq-kz attachment omzh.-aza-tl-8-synyp, «Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, zharatylystanu4b, 4-сынып срез тапсырмалары
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Қауіп- қатер факторлары дегеніміз не?
2.Қауіп- қатер факторларына не жатады?
3.Гиподинамия және артық салмақ факторларының әсері.
4.Темекінің зиянды әсерінен болатын паталогиялар.


ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Келесі қауіп факторы – алкогольді пайдалану болып табылады.


Жиірек алкогольді еңбекке жарамды жастағы адамдар, үлкен қала тұрғындары, жұмысшылар, білімі төмен азаматтар мен некеден ажырағандар тұтынады. Биологиялық көзқарас бойынша әйелдер ерлерге қарағанда алкогольге төзімсіз. Сонымен қатар ерлер мен әйелдерде, алкогольге бейімділік, толық бейімділікпен ерлерде 10 – 15 жылда аяқталса, әйелдерде ол 3 – 4 жылға ғана созылады. Жастары қатар, дене массасы мен бірдей деңгейде алкоголь пайдаланған ер мен әйелді салыстырғанда, әйелдерде ерлерге қарағандаауыр органикалық өзгерістер айқын байқалады. Осыған қарамастан ішкілікке салынған әйелдер саны артып келеді. Бұған дәлел, Франциядағы мәлеметтер бойынша алкоголизммен ауырған әйелдер мен ерлер алынған: 1790 жылы 10 еркекке 1 әйелден; 1990 жылы 2,3 еркекке 1 әйел келген. Алкоголизмді әлеуметті – генетикалық мәселе деп қарастырып Ю. П. Лисицын мен Н. Я. Копыт тұрғындарды 3 топқа жіктеді.

  1. Алкогольді сирек, бірақ айына 1 реттен жиі емес пайдаланатындар мен мүлде пайдаланбайтындар

  2. Алкогольді сиректеу пайдаланатындар ( айына 1 – 3 рет, бірақ аптасына 1 реттен жиі емес.)

  3. Алкогольді көп пайдаланатындар – аптасына 1 реттен де көп

А) маскүнемділіктің белгілері жоқ, яғни алкогольді жиі ( айына 1 – 2 рет ) және көп мөлшерде пайдаланатындар;


Б)маскүнемдіктің аздаған белгілері бар – психикалық бұзылыстар мен пеактивтіліктің бұзылысы;
В)маскүнемділіктің айқын белгілерімен – алкогольге физикалық тәуелділік байқалып, абстинентті синдром мен басқа да симптомдар білінеді, психикалық бұзылыстар да байқалуы мүмкін (алкогольді психоз )
Алкогольді пайдаланумен туындайтын мәселелер тек қана алкогольді пайдаланушы ғана емес, оның отбасы мен қоршаған ортасын және қоғамды ойландырады. Сонымен қатар, алкогольдің зияныадам денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймайды. Ағылшындық афторлардың зеттеуінше алкоголь адам өмірін шамамен 20 – жылға қысқартады. Өлім деңгейі ішетіндер мен ішпейтіндерді салыстырғанда дәрежесі 2 – 3 есеге жоғары.
Алкогольді жүйелі пайдаланатындардың өлім ерекшелігінің түрлері бар: ерлерде бірінші орынға – улану мен жарақаттар; екінші орынға – жүрек – тамыр жүйесі аурулары ( 30% ), үшінші орынға – қатерлі жаңа өспелер. Бүкіл тұрғынмен салыстырғанда, маскүнемдіктің ауруға шалдығуы 1,3 есе жоғары.б алкогольді қатерлі пайдалану тұрмыстық жарақаттар мен өлім және өзін – өзі өлтіруге, улауға, көптеген аурулар - психикалық өзгерістерге алып келеді. Соңғы жылдары біздің елімізде наркомания мен токсикомания кең етек жайып келеді. Арнайы мәлеметтерге сүйенсек 130мың адам тіркеліп, соның 52 мыңы наркомандар деп танылған. Токсикомандар 22 мың болып саналады. 10 мың тұрғынның 3,4 наркомандар құрайды, ал токсикомандар 100мың тұрғынға 1,0 кездеседі. Сыртқы ортаның мағыналы түрде айқын зақымдалуы экологиялық факторларға да байланысты. АҚШ – тың ұлттық рак орталығының есептеуінше, жалпы рак ауруының 15 % - ы сыртқы ортаның ластануынан болған. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының айтуы бойынша жалпы өкпе эмфиземасы мен созылмалы бронхиттің 20 % - тен көбі қала тұрғындарының ластанған ауамен тыныс алуымен байланыстырылады. Әлемдегі әрбір ауруға арналған кереуіттің төрттен бірі ластанған суды пайдаланып ауырғандардың құрбанына айналған.
Біз тек кейбір қауіп факторлрына ғана тоқталдық, жеке болғандықтан емес, бір – бірімен байланысты болғандықтан. Бұл денсаулыққа елеулі әсер етеді. Темекі тарту онкологиялық ауруларды 1,5 есе, ал бұл екі фактордың қосарлануы онкологиялық ауруларды 6 есеге дейін жоғарылатады.
Әрбір медицина қызметкерлері тек емдеумен ғана емес , сонымен қатар ұйымдастырушылық қабілетін де ескеру керек. Яғни темекіге қарсы әр түрлі акциялар ұйымдастыруы қажет. Мысалы Ұлыбритания мен АҚШ дәрігерлері осы әдіспен өз еліндегі темекіден болатын ауруларды 40 % - ға дейін азайтқан.
Бұл жолмен РАМН кордиологиялық зерттеу орталығы да күресіп келе жатыр,олар жүрек қан тамыр ауруларының екіншілікті профилактика программасын ұсынып, сонымен бірге артық гипертензияны төмен түсіретін дәрі – дәрмектерді де қосты. Салауатты өмір салтының маңызды критерийі медициналық ( профилактикалық ) белсенділік болып табылады, бұл өз денсаулығың мен басқа біреудің денсаулығының арасындағы қарым – қатынасы, медициналық нұсқаулардың орындалуы, медициналықорындарға көрініп тұру, диспансеризацияға тіркелу. Бұл жай ғана адамның медициналық білімінің көрінісі. Профилактикалық белсенділік – бұл кешенді көрсеткіш, мұнда денсаулыққа әсер ететін жағымсыз қылықтардың жойылуы: темекі, алькоголь қолдану, гиподинамия, еңбек режимін бақылау, демалыс, тамақтану, қауіпсіздік техниканы сақтау,
дәрігерге ертерек көріну, медициналық шарттарды, тағайындауларды орындау.
Егер бұл аталғандарды ескерсек, онда аурудың, өлімнің төмендеуі, денсаулықтың мықты болуын көп жағдайда өмір салтын дұрыс сақтауда, өмірінің жақсаруына, қоршаған орта жағдайын сақтап отырса жақсарады.
Бүгінгі денсаулықты сақтау орындарында өз нұсқауларын тек қана дәрі – дәрмек препараттарымен ған емдеуді қолданады, ал профилактика мен аурудың емделуінің жолы ( дене шынықтыру, салауатты өмір салты, еңбек және демалыс ) туралы ұмытып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет