Байланысты: 10. Гидродинамикалық заңдылықтар негізінде гемодинамиканың физикалық тұжырымдамалары. Биореология. Вискозиметр көмегімен сұйықтардың тұтқырлығын анықтау
Оқыту әдісі - Шағын топпен жұмыс
Ақпараттық-дидактикалық бөлім. Қан айналу жүйесі – жүрек – тамыр жүйесінен тұрады, және ұлпаларға тұрақты түрде қан жеткізіп тұратындықтан метаболизм үрдісін сақтап отырады. Систола кезінде (жүректің жиырылуы) қан сол жақ қарыншадан аортаға түсіп, ары қарай үлкен артерияларға таралады. Бұл кездегі қанның біраз бөлігі тамырларды созуға кетеді, яғни потенциялық энергияға айналады Диастола кезінде ( жүректің босаңсуы) аорта қалқаншалары жабылады да қан ағзаны аралай отырып ( кинетикалық энергия есебінен) көк тамыр арқылы оң жақ қарыншаға құйылады Қан айналуының мұндай моделін бірінші рет 1733 жылы ауыл діндары Хейлс, ал 1899 жылы О. Франк ұсынған.
О. Франктің ұсынған қан тамырлары жүйесінің моделі ірі қан тамырларындағы қысым мен қан ағысының көлемдік жылдамдығының арасындағы байланысты олардың созылмалылығын ескере отырып қарастыруға мүмкіндіік береді. Модель жүрек циклдері кезіндегі үлкен қан тамырларындағы гемодинамикалық көрсеткіштердің уақыт бойынша өзгерістерін есептеуге мүмкіндік береді. Негізінен үлкен қан тамырларындағы белгілі бір нүктелердегі қысымның өзгерісін есептейді. Моделдеу ыңғайлы болу үшін жүйеде қан айналудың екі фазасын бөліп қарастырады «жүректің сол жақ қарыншасы –үлкен қан тамырлары – ұсақ қан тамырлары