Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық- педагогикалық көмек көрсету Орындаған: Алпысбай Мағжан Курс: 3 Тобы: 114-81



бет13/14
Дата12.12.2021
өлшемі58,98 Kb.
#99731
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Инклюзив кейс Алпысбай Мағжан
1 апта
ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен қорыта айтқанда, арнайы білім алу қажеттіліктердің дамып жетілуі жағынан кешеуілдеп қалған тұлғаларға іс жүзінде көмек көрсетудің қажеттілігі айқын көріне түсуде. Арнайы білім алудың оның тәрбиелік және білім беру компоненттерінің құрамы тек дамудағы ерекше ауытқуларға ғана емес, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі өсуші адамның жастық кезеңіне де тәуелді.

Арнайы білім беру стандартты мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қалыптасу және социализацияның бүкіл кезеңінде, яғни өмірінің алғашқы айынан бастап ересек жасқа дейінгі кезеңіндегі мерзімге бағытталған. Арнайы білім беруді стандарттау мәселесі біздің елімізде жаңа тұрғыдан құралады.

Ал естімейтін балаларға келер болсақ, тәжірибелік талдаулар көрсеткеніндей, оқыту үрдісінде ерекшеліктер көп. Біріншіден, мектепке дейінгі естімейтін балалардың ой-өрісінің, дағдыларының жан-жақты дамуына бағытталған мақсатты педагогикалық тәрбие жұмысы жүргізіледі. Арнайы сабақтар жүргізіледі. Екіншіден, балаларды оқыту барысында екі жүйенің сөйлеу тілі және қимылымен (ыммен) сөйлеудің пайдаланылуы. Сонымен бірге балаларды оқыту формаларын пайдалану. Олар ауызша, жазбаша, дактильді. Әрі оқыту материалдарын есту арқылы қабылдауына зор мән беріледі. Естімейтін бала өзіне айтылған сөзді, әңгімені дұрыс қабылдауы, жақсы еститін адамдардың арасында қаншалықты бейімделуіне байланысты.

Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты естімейтін оқушылардың есту қабілетін дамыту болып табылады.


  • әлсіз сақталып қалған есту қабілетін жеткілікті дамыту;

  • осының негізінде ауызша сөйлеуді қабылдау үшін естіп – көру қабілеттерін қалыптастыру;

  • таным – тәрбиесін жетілдіру;

  • тілдік материалдарды толыққанды меңгерулеріне күш салу;

Балалардың есту қабілетін дамыту жұмысын жүйелі байланыстырып, осы мақсаттарға жетіп отыруымыз шарт.

Көмекші мектептің оқушыларының жалпы қабылданған әлеуметтік, имандылық-адамгершілік мөлшерінің жиі ауытқуы ата-ана, мектеп және қоғам алдында үлкен міндеттер қояды. Арнайы, психологиялық педагогикалық жұмыстар, кейбір жағдайларда медициналық түзету көмегі де қажет болады.

Балалар бойындағы кемшіліктерді түзету үшін, мектептің алдында ақыл-ойы дамымаған балаларды нақты үлгімен, жаттығулар кешенімен берілген, белгілі бір жүйеге негізделген мәдениеттіліктің дағдылары мен біліміне тәрбиелеу міндеті тұр. Тәртіп мәдениетіне тәрбиелеу өмірдің барлық жақтарын қамтиды, балалардың тәртібіне қойылатын талаптардың әр түрлі болуына жол бермей, жүйелі түрде жүргізілуі керек.

Зердесі дамымаған баланың өзіндік тұлғалық сипатын дамытудың негізгі факторы мақсатты түрде бағытталған тәртіп мәдениетіне оқыту болып табылады. Бұл жерде қалыпты дамыған оқушылардан айырмашылығы, ақыл-ойы дамымаған оқушыларды тәртіп мәдениеті дағдыларына арнайы үйретіп, этикалық нормаларды орындауға арналған жаттығулар өзектілігі тұруға тиіс.

Тәртіп мәдениетінің түпкі мақсаты оқушылардың қоршаған ортаға әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың, қалыпты дұрыс дамыған балалар сияқты жан-жақты дамуға, оқуға, танымдық әрекеттерін қалыптастыруға құқықтары бар. Бірақ, оларға тиісті білім беру және дамыту өте күрделі, сандықтар біліктілікті қажет етеді.

ХХ ғасырдың басында немістің белгілі педагог – дефектологі П.Шуман атап айтқандай баланың психикалық дамуы неғұрлым төмен болса, оны оқытатын мұғалімнің білімі соғырлым жоғары болуы керек. Сондықтан, болашақ дефектологтар тек қана, теориялық білім алып қоймай, ол білімдерін тәжірибе жүзінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыптастыру үшін қолдана берулері керек.

Дефектолог мамандар өз міндеттерін жоғары дәрежеде іске асыру үшін, олар әлеуметтік-педагогикалық, реабилитациялық кеңесші, диагностикалық- психотерапиялық және негізгі кемістіктерді түзету әдістерін толық игерулері қажет. Сонымен қатар, бұл мамандар әртүрлі кемістіктері бар балалардың ауытқуларының этиопатогенететикалық ерекшеліктерін толық анықтап, олармен жүргізілетін арнайы түзету, оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін қолданып, олардың нәтижелерін анықтайды.

Кемтарлықтың түрлеріне, этиопатогенететикалық қалыптасу механизмдеріне сәйкес төмендегідей дефектолог мамандар түзету, оқыту, тәрбиелеу және қалыптастыру жұмыстарымен айналысады.


  • сурдопедагог – нашар еститін немесе естімейтін балаларды қалыптастыратын педагог –дефектолог;

  • тифлопедагог – нашар көретін немесе көрмейтін балаларды қалыптастыратын педагог – дефектолог;

  • олигофренопедагог - әртүрлі дәрежедегі интеллектуалдық дамулары зақымдалған балаларды қалыптастыратын педагог-дефектолог;

  • логопед - әртүрлі дәрежедегі тіл мүкістігі бар балалардың кемістіктерін айқындап, түзететін маман;

  • арнайы психолог - әртүрлі дәрежедегі психикалық дамуында ауытқулары бар балаларға психологиялық көмек көрсететін маман;

  • түзету –дамыту және тәрбиелеу – оқыту үшін педагог-дефектологтар жан-жақты білімі бар, әр кемістіктің қалыптасу ерекшеліктеріне білетін және оларды түзететін әдістемелерді игерген мамандар болғаны қажет.

Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыптастыру үшін, арнайы даярланған педагог –дефектологтар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған арнайы түзету мекемелерінде, қалыптасу орталықтарында арнайы педагогикалық бағдарламамен жұмыс істейді.

Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту процесінде тұтастай іскерлік әдіс негізінде оқыту әдістерінің кең таралған сыныптар арасына және дидактикада қабылданған әдістерге сәйкес оқыту танымдық іскерлікті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері, оны қалыптастыру және мативация бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері ажыратылады.

Арнаулы білім беру дидактикасы оқытудың әдістері мен тәсілдерінің жалпы педагогикалық арсеналы сонымен бірге ерекше білімдік қажеттіліктерге ие оқушылардың әрбір категориясы үшін өзінің спецификалық тәсілдерін өзінше оригиналдық білім беру технологиялары болып табылатын коррекциялық – педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен әдістемелерін өзгелеріне қарағанда оқушының қажеттіліктеріне және онымен коррекциялық – педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен әдістемелерін қолданады.

Жалпы педагогикалық әдістер мен оқыту тәсілдерін өзгеруіне қарағанда оқушының қажеттіліктеріне және онымен коррекциялық педагогикалық жұмыс жүргізу спецификасына жауап беретін әдістер мен тәсілдердің арнаулы таңдалуы мен әдістерінің компазициясын қарастыратын арнаулы педагогика ерекше түрде пайдаланылады. Сондай-ақ әдістердің бұл сәйкестілігінің ерекше таралуын қарастырады. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелерді балалардың игеруі әлеуметтендіру арқылы жүзеге асады. Әлеуметтендіру – жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені белсенді игеруінің нәтижесі мен барысы. Әлеуметтік бейімдеу деңгейі қоршаған орта ерекшеліктеріне, мақсаттарына және оның жеке қабілетіне байланысты болады. Қоғамға бейімдеу кезінде өзін-өзі тану және өзін-өзі бақылау, сонымен қатар қоршаған ортамен тіл табысу, өзіне - өзі қызмет етуге және т.б. дағдыларды игереді. Күнделікті тұрмыста адамның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыратын (тамақ, киім, баспана, денсаулықты күту) және де мәдени қарым-қатынас, демалыс, мәдени дағдыларды игеруі енеді.

Бұдан қорыта келгенде педагогиканың күші бәрінен бірдей көрсеткіш алуға бағытталмауы керек. Әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың өз деңгейінде әлеуметтік-тұрмысты игеруі педагогикалың жұмыстың алдына қойған мақсаты болып саналады. Шымкент қаласындағы №2 Естімейтін балалар мектеп – интернатының 1 түзету сыныбында өткізілген энергетикалық орындаушының және іс-әрекеттің мақсаттық жақтарының зерттеу нәтижелері (қосымша 1,2,3,4) ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет