Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»



бет36/37
Дата04.05.2017
өлшемі5,47 Mb.
#15620
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

Тақырыбы: «Сұратуларды жасау»



Мақсаты: Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесінің объектілерінің бірі сұратумен,оның түрлерімен және сұратуды құру жолдарымен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

Сұратулар. Сұрату – бұл деректерді талдау, таңдау, іріктеу және өзгерту құралы. Сұрату көмегімен бірнеше кестелердегі деректерді көруге, талдауға және өзгертуге болады. Сонымен қатар сұратуларды пішіндер мен есеп берулерге (отчеты) арналған деректер көзі ретінде қолданылады.

Сұратуларды жасаудың бірнеше тәсілі бар:

  • Конструктор сұратудың кех келген типін өз өалауыңыз бойынша жасауға мүмкіндік береді.

  • Қарапайым сұрату Сұрату шебері (Мастер запросов) белгілі бір кестелердің өрістерінен немесе басқа сұратулардан таңдама (выборка) жасауға мұмкіндік береді

  • Айқастырылған сұрату (Перекрестные запросы) құрылымдағы деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін қолданылады. Айқастырылған сұрату статистикалық есептеулер жасап, оның нәтижелерін деректердің екі жинағы (бірі бағандардың, екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған кесте түрінде топтайды.

  • Қайталанатын жазбалар қарапайым кестедегі немесе сұратудағы қайталанатын жазбаларды іздеуге сұрату жасайды. Ал Записи без подчиненных пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде ешқандай жазба сәйкес келмейтін жазбаларды іздеуге сұрату жасалынады. Мұндай сұрату көп кестелік деректер базасында қолданылады.

Сұрату типтері:

Таңдама

(Выборка)



Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру қажет болған жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге таңдама жасау үшін қолданылады.

Жаңарту

(Обновление)



Бір сұратудың көмегімен бірден көп жазбаларға өзгерістер енгізу үшін қолданылады.

Қосу

(Добавление)



Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін қолданылады.

Жою

(Удаление)



Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік береді. Мұндай сұратуды жасаудың қағидасы жаңарту сұратуына ұқсас, алайда, байланыстырылған кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің тұтастығына (целостность) нұқсан келмеу керек.

Айқастырылған

(Перекрестный)



Айқастырылған сұратулар —бұл деректерге статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі Excel –дің корытынды (сводная ) кестесіне ұқсас кесте түрінде болатын сұратулар.

Кесте жасау

(Создание

таблицы)


Сұратудың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден керекті деректерді таңдамаға қарапайым сұрату жасап, іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге орналасады. Жаңа кестенің құрылымы сұрату нітижесінде алынған жазбалардың құрылымымен анықталады.

Сұратулардағы есептеулер

Мәндері басқа өрістердің мәндерін есептеудің нәтижесі болатын өрісті есептелетін өріс (вычисляемое поле) деп атайды. Есептелетін өріс тек нәтижелік кестеде ғана болады. Бастапқы (базалық) кестелерде мұндай өріс жасалындайды және кестенің қарапайым сұратуында өзгертілмейді. Сұрату арқылы деректер базасына қатынаушы кез келген адам деректерге қалауынша манипуляция жасап, нәтижелер ала алады, бірақ та бастапқы (исходные) кестелер барлық қатынаушылар үшін бірдей өзгеріссіз түрде қалады.

Формулада квадрат жақшаға алынған есептеуге қатысатын өріс аттары мен математикалық операциялардыі таңбалары жазылады. Мысалы:

Нәтиже : [Гол] / [Ойын]



Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. «Сұратуларды жасау және қолдану»

  1. Оқытушылар кестесінің негізінде Фамилия, Аты, Әкесінің аты және Қызметі өрістері көрсетілетін таңдамаға қарапайым сұрату жасау.

а) қарапайым сұрату жасау үшін:

  • Деректер базасының терезесінде Запросы бөліміне өтіңіз;

  • Ашылған терезеде <Создать>батырмасын басыңыз;

  • Пайда болған «Новый запрос» терезесінен Простой запрос пунктін белгілеп <ОК> басыңыз;

  • Пайда болған терезедегі Таблицы/запросы жолынан Оқытушылар кестесін таңдаңыз (егер басқа кестелер мен сұратулар жасалынбаса, ашылған тізімде тек осы кестенің аты ғана тұрады);

  • в окне «Доступные поля» терезесінде Фамилия жолын белгілеп, . батырмасын шертсеңіз Фамилия сөзі «Выбранные поля» терезесіне тауысады;

  • осылайша «Выбранные поля» терезесіне «Аты», «Әкесінің аты», «Қызметі» өрістерін ауыстырыңыз. (Мұнда ауыстыру реті (порядок) маңызды, соған сәйкес деректер көрсетіледі);

  • <Далее> батырмасын басыңыз;

  • Задайте имя запроса параметрінің жолында жаңадан Оқытушылар қызметі деп ат беріңіз;

  • <Готово> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранға сұрату нәтижелерінің кестесі шығады.

б) Сұратуды сақтаңыз. Ол үшін саймандар панеліндегі -Сохранить батырмасын шертіп немесе Файл Сохранить командасын орындаңыз. Енді сұрату терезесін жабыңыз.

  1. Параметрлі таңдамаға сұрату жасау.

Оқытушылардың фамилиясы, аты, әкесінің аты және сабақ беретін пәндерін көрсететін параметрлі таңдамаға сұрату жасау керек. Пара­метр ретінде оқытушының фамилиясын беріңіз және осы сұратуды Гришин деген оқытушыға орындаңыз. Осы параметрлі таңдамаға сұрату жасау үшін:

  • Жоғарыдағы 1-ші пункте жасағаныңыздай Оқытушылар кестесінің мына өрістеріне таңдамаға сұрату жасаңыз: «Фамилия», «Аты», «Әкесінің аты», «Оқитын пәндер».

  • Бұл сұратуға Оқитын пәндер деп ат беріп, <Готово> батырмасын басыңыз.

  • <На экране> батырмасын басыңыз. Сонда экранға сұрату нәтижелері бар кесте шығады.

  • Конструктор режиміне өтіңіз. Ол үшін мына батырманы басып немесе Вид Конструктор ко­мандасын орындаңыз;

  • Условия отбора параметрінің жолында «Фамилия» өрісіне мына тіркесті енгізіңіз (жақшаларды да жазу керек):
    [оқытушы фамилиясын енгіз];

  • Сұратуды орындаңыз: саймандар панеліндегі мына батырманы басып немесе Запрос Запуск командасын орындау арқылы;

Ескерту. Осы айтылған тәсілмен жасалынған сұрату конструктор режимінде бір рет қана орындалады.

Жасалынған сұратуды басқа режимде орындату үшін:



  • Запросы бөлімін ашып, керекті сұратуды белгілеп, <Открыть> батырмасын басыңыз.

  • Ашылған терезеде Гришин деген фамилияны теріп <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде экранда Гришин деген оқытушы туралы (оның аты, әкесінің аты, оқитын пәні) деректері бар кесте пайда болады.

  • Сұратуды сақтап, сұрату терезесін жабыңыз.

  1. Конструктор көмегімен сұрату жасау. Фамилиясы, аты, әкесінің аты, топ номері, пән және пәндер бойынша бағалары көрсетілетін сұратуды Конструктор арқылы жасаңыз. Ол үшін:

  • Сұратуды жасау тізімінен Конструкторды таңдаңыз.

  • Қажет кестелерді (Студенттер, Бағалар, Пәндер) бір-бірден белгілеп, Добавить батырмасын басу арқылы таңдаңыз.

  • Таңдап болған соң Закрыть батырмасын басыңыз.

  • Студенттер, Бағалар кестесінен Фамилия, Аты, Әкесінің аты, топ номері өрістерін, ал Пәндер кестесінен Бағалар, Пән аты өрістерін. таңдаңыз. Ол үшін өрістің атын тышқан курсоры арқылы екі рет шертсеңіз болды немесе тышқан курсорының көмегімен өрістің атын сұрату ұяшығына сүйреп алып барасыз.

  • Бағалар өрісінің астындағы Условие отбора атты жолға 4 Or 5 деп жазыңыз. Саймандар панелінен Леп бегісі ! батырмасын басыңыз.

  • Сұратуды Успеваемость 1 деген атпен сақтаңыз.

  1. Өз беттеріңізбен есептелетін өрісі бар сұрату (запрос с вычисляемым полем) жасап көріңіз. Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.

  2. «Жалақы» (Зарплата) өрісін на 20 %. арттыру арқылы жасалынатын «Қосымша» (Надбавка) есептелетін өрісті өз бетіңізбен жасаңыз.

  3. Өз беттеріңізбен айқастырылған сұрату жасауды үйреніңіз. Ол үшін Access-Справка менюінің қызметін пайдаланыңыз.

Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:

  1. «Музыкалық альбом» деректер қорына типтері әртүрлі 3 сұрату жасаңыз.

  2. «Емхана» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

  3. «Сабақ кестесі» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

  4. Задайте к базе данных «Компьютерлік салон» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.

  5. «Конференция қатысушылары» деректер қорына 3 түрлі сұрату жасаңыз.


Бақылау жұмыстары:
1. Сұрату деген не?

2. Сұрату жасаудың қандай тәсілдері бар?

3. Сұратудың қандай типтері бар?

4. Есептелетін өріс (вычисляемые поля) қалай жасалады?

5.Шарты бар сұратуды жасағанда қандай операциялар қолданылады?

зертханалық жұмыс20


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет