Талдауы мен аудиті



бет4/16
Дата21.10.2022
өлшемі231,63 Kb.
#154254
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Жайна диссер - 24.05.2021
СОЧ Серикбай Магжан 8 в класс, 8. 3A «Химиялы элементтерді периодты ж йесі» б лімі бойынша ж, соч 8 кл 3 четв (копия)
АНЫҚТАМАЛАР

Осы магистрлік жобада келесідей терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылды:


Актив - кәсіпорынның иелігіндегі құндылық бағасы бар құқығындағы жеке қаражаттар және мүліктері. Активтер немесе шаруашылық қаражаттары болашақта экономикалық пайда алып келетін олжа ретінде қарастырылады.
Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау үрдісі арқылы басқару.
Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары- бұл - бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттарының жүйеленген тізімі.
Бухгалтерлік есеп - білім саласы, жоғарғы оқу орындарында оқытылатын ғылыми пән.
Бухгалтерлік шоттар - шаруашылық қаражаттары мен оның қорлану көздерімен жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларды ақшалай негізде көрсету, ағымдағы бақылау және топтастырудың тәсілдері. Шығындар- тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынатын ресурстар.
Директ-костинг - ол шығындарды тұрақты және айнымалыларға бөлумен және әртүрлі қатынастарды талдаумен сипатталады.
Есеп берушілік - анықталған мерзімде (ай, квартал, жыл) кәсіпорындардың, өндірістік – шаруашылық, қаржылық қызметін сипаттайтын мәліметтер жүйесі.
Есеп беру деп - бұл шаруашылық субектісінің өткен кезеңіндегі қаржылық - шаруашылық іс әрекетін кешенді түрде қарастыратын барлық мәліметтер жүйесі болып табылады. Есеп беру үрдісін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы - кәсіпорынның шаруашылық қаражаттарды жинақтап топтастыру тәсілі. Кәсіпорынның қаражаттары бухгалтерлік балансында ақшалай үлгіде екі топта көрініс табады. Алғашқысы мекеме қандай қаражатпен иеленеді, екіншісі қандай қорлану көздерден құралғанын қарастырады. Кәсіпорын бухгалтерлік балансының екі бөлігі тең болуы тиіс.
Шағын бизнес — ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы..
Стратегиялық басқару есебі-бұл стратегиялық басқару шешімдерін қабылдауды ақпаратпен қамтамасыз ететін басқару есебінің бөлімі.
Табыстар - кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызметтерінің нәтижелері.
Шығынсыздық нүктесі - тауарларды немесе қызметтерді сатудың қажетті көлемін, сондай-ақ компания шығынмен жұмыс істеуді тоқтататын баға белгілеу әдістерін айқындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет