Тандамалы



бет31/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы
Gurenge - E Minor - MN0233612
(Сүхбат)
Тарих қойнауындагы батыр бабалар қасиеті берік қонган біздің заманның батырының бірі және бірегейі Қасым Қайсенов. Бүл асыра мақтау емес, ел мойындаган шындық. Екінші дүниежүзілік согыс кезінде барлаушы нәм партизан болган батыр туралы естелік те көп, ол кісінің өз жазгандары да жетерлік. Көзі қарақты оқырманга отансүйгіштік рухта жазылган шыгармалар арқылы таныс батыр 83 жасқа келсе де әлі тың. Егеменді елімізде болып жатқан эр түрлі оқигаларга қатысты пікірін әрқашанда батыл білдіріп жатады. Солай бола түрса да бізге жаратылысы ерекше халық үлының айтқанынан әлі айтпаганы көп сияқты көрінетін. Осы түйсік, осы қызыгушылық бізді батыр алдына алып келді.. Ойымызды түсінгендей, партизан атамыз да эңгімені де дэл біз ойлаган түстан бастады.




  • Мен туралы 150 ақын-жазушы поэма, естелік жазды. Өзім үш тілде (қазақ, орыс, украин) 30 кітап жаздым. Мен жөнінде екі деректі кино түсірілген. Мүны мақтанғым келіп айтып отырғам жоқ. Жэне бұл менің кереметтігім де емес, карапайымдылығымнан. Үлкенді де, кішіні де бауырыма тарта білгендіктен. Алайда бүл мен басымнан өткізген, жазылуға тиіс оқиғалардың 20 проценті ғана. Жас күнімде жазуға өзімнің мүмкіндігім, жазушылық шеберлігім жетіспеді. Ал жазуға төселіп келе жатқанда, жас біразға келіп қалды. Сондықтан менен эңгіме сұрағандарың, жазғандарың дұрыс. Айтуға тиіс нәрсені айтып берейін.

Ендеше айтыңызіны, анталаған жау тылына өтіп, жалғыз-жарым жүріп партизан отрядын құрып, қарсы келген неміс фашистерінің қақ жүрегіне қанжар салып, тапаншамен маңдайдан атып салуды қайдан үйрендіңіз? Мұндай батырлық бабаларыңыздан бар ма, әлде...
Атамыз жантайып жатқан қалпында біраз ойланды да содан соң әлдене есіне түсті ме, сәл жымиды. Жүзіне жүгірген күлкі әшейінде сұсты көрінетін батырды мейірімді, жұмсак мінезді адамдай нұрландырып жіберді. Кенет қабақтары карс түйіліп, қалың кастары қозғалып кетті де, эңгіме тиегін ағытып жіберді.

  • Кең байтак жерімізге көз алартқан жаудан қорғану қай заманда болсын оңай болмаған ғой. Сондықтан эр ауылдың бас батыры, атқа мініп сойыл сілтер азаматтары болғаны даусыз. Солардың арасында менің де бабаларым болғаны анық. Қазак айтқан ғой: “Қанша жаман болса да, тартпай коймас негізге” деп. Ел басына күн туғанда мен де сол негізге тартқан болуым керек. Әйтпесе мен - табиғатымда жұмсақ адаммын. Бала кезімде нэзік жанды, не нәрсені болсын аяп тұратын бала едім. Бала болып төбелесқұмар да болғам жоқ. Кішкене нәрсенің бәрін жақсы көретінмін. Лақ, қозы, құлын, бұзау - бэрі жаныма жақын болатын. Әсіресе бір ак лағым бар еді. Соны койныма алып жататынмын. Ол кезде төсек, андай-мұндай сәнді өмір жоқ қой. Әкемнің бір үлкен түйе жүн шекпені бар еді. Соның бір жеңіне өзім кіріп, екінші жеңіне лағымды жатқызатынмын. Мал екеш мал да үйреніп алады екен. Кеш болса, ол үйге қарай жүгіреді. Мен онымен адамша сөйлесетінмін. Оны “Қоянсирақ” дейтінмін. Өйткені екі алдыңғы аяғы кысқа, артқы




сирақтары ұзын болатын. Кісіге қарағанда екі көзі жәудіреп, жыламсырағандай болып тұратын...
Қазірдің өзінде кейде балабақша, мектеп жанынан өтіп бара жатқанда балалар ойнап жүрсе солардың ойынын қызыктап, соларға мейіріммен карап, бірер сағат жүріп қаламын. Осындай нәзік жанды болып өскен мені тағдыр қаталдыкка үйрететін мектепке алып келді. Басында барлаушылықты оқытып жатыр еді. Кейін соғыс басталып кеткен соң, жау тылына барып, партизан отрядын күрып, соғыс жүргізуге окытты, жаттыктырды. Онда кезі келгенде не нәрсемен болсын адам өлтіруді үйретеді. Қазір адам өлтірудің түрі көп кой. Ал бізге 124 түрін үйретті. Үйренбесең, жауды аясаң, өзің арам қатасың. Өйткені фашизм деген нэсілдіктің түбін ұстаған, өздерінен басқа халыкты халык деп есептемейтін сүмдык катыгез еді олар. Сондыктан оларды аяуға болмайтын. Бабаларымыз “Жауды аяған жаралы” деген ғой. Мен де аяғам жоқ. Сөйтіп жүріп қаталдыкка үйрендік...
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет