Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


Бұл негізгі идеялар Қазақстанның мектепке дейінгі кезеңге қатысты ұлттық саясаты болып табылады



бет126/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   203

Бұл негізгі идеялар Қазақстанның мектепке дейінгі кезеңге қатысты ұлттық саясаты болып табылады.


Баланың жеке басының қалыптасуында, мектепке дейінгіде балаларды тәрбиелеуде қазақ ертегілерінің маңызы зор. Осы кезеңнің өзінде-ақ ата-аналардың, педагогтардың, тәрбиешілердің, психологтардың бірлескен күш-жігері арқылы баланың әлі айқындала қоймаған әлеуметтік сапаларын қалыптастыру мен дамытудағы тәрбиелік мүмкіндікті жұмылдыру үшін оның жеке басының, рухани-адамгершілік және дене бітімінің даму ерекшеліктерін ескеру қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру – қазіргі мектепке дейінгі мекемелердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді.
Қазіргі кезеңде балабақшаларда тәрбие үдерісі негізінен жеті бағытта жүргізіледі, атап айтқанда: адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене, экономикалық, құқықтық, экологиялық, тәрбие бағыттары бойынша жүргізіледі.
Ал тәрбиенің негізі ретінде адамгершілік тәрбиесі қазіргі таңда халықтық педагогика «Атаның сөзі, ақылдың көзі», «Әжемнің әңгімесі», «Зерек бала», «Тапқырлар мекені», «Қазақ халық ертегілері» этнопедагогикалық материалдар арқылы тәрбиелеу элементтері балабақша өміріне ерекше енгізілуде.
Оқу-тәрбие жұмыстарында қазақ халық ертегілері арқылы адамгершілік бағытындағы тәрбие жұмыстарына назар аударсақ рухани-адамгершілік құндылыктарды қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Ол дегеніміз балалардың әдепті, мәдениетті, білімді, мейірманды, қайырымды болып өсуі арқылы адамгершілік құндылықтары жетілдіріледі. Бұл бағытта алдымен балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудың моделін жасау қажеттігін тудырады.
Адамгершілікке тәрбиелеуде ертегілер мен қатар табиғат құбылыстары, олардың өзара байланысы, заңдылықтары, өсімдіктердің, жәндіктердің, жануарлардың дамуын танып-білу, бақылау және түсінігіне жеңіл тиетін қоғамдық құбылыстарымен, оқиғаларымен, адамдардың еңбегімен, мерекелермен, Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы т.б. таныстыру арқылы балалардың дүние, табиғат, қоғам, Отан туралы алғашқы түсініктері қалыптасады, Астана туралы аңыз әңгіме, ертегі айтуға болады.
Демек, балалардың қандай да бір нәрсеге қызығушылығы да сатылап қалыптасады, мұны жоғарыда аталған зерттеулер нәтижесі дәлелдейді. Егер зерттеу проблемасымен байланыстыра қарастырсақ, балада алдымен қазақ халық ертегісіне жағымды эмоциялық көзқарас (әуестік), содан кейін мазмұнды эмоциялық көзқарас (әуестену), соңында танымдық қызығушылық пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет