«Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысы Мақсаты: Білімділік


(2006 жылы) ІІ турымыз «Суреттер сөйлейді?» деп аталады



бет4/4
Дата16.01.2022
өлшемі54 Kb.
#112419
1   2   3   4
Байланысты:
0000a167-cd698821
алгебра тжб 7 сынып, математика тжб 5 сынып, 10 кл 4т ДЖТ БЖБ Исмуханова Н.С., тест-археология (2), 1599818177241, Документ, 8 кл 4т. ДЖТ БЖБ Исмуханова Н.С., Ерлан Руслан лы Байма амбетовке мінездеме ерлан Руслан лы Байма , 7 кл КТ ТЖБ 4т Исмуханова Н.С., 0000a167-cd698821
(2006 жылы)

ІІ турымыз «Суреттер сөйлейді?» деп аталады

Әр топқа кезекпен ұлы тұлғалардың суреттері көрсетіледі, топ осы тұлға туралы мағлұмат беруі керек. Дұрыс жауап 10 ұпай.



Көрсетілген тұлғалар:

1. Төле би Әлібекұлы (1663-1756 ж)

2. Абылай хан (1711-1781 ж)-

3. Әбілқайыр хан (1693-1748 ж) -

4. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова -

5. Бауыржан Момышұлы - .

6. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров -

ІІІ турымыз «Шежірелі қалалар»

Әр топқа кезекпен Қазақстан қалалары бойынша сұрақтар қойылады.. Толық дұрыс жауап 10 ұпай, орташа 5 ұпай



Сұрақтары:

І -топ

1. Айша бибі кесенесі орналасқан қала? (Тараз)

2. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.Гагарин "Восток"

ғарыш кемесімен ғарышқа қай жерден аттанды? (Байқоңыр)

3. Алаш автоаномиясының астанасы болған қала? (Семей)

4. Қазақтар қай қаланы Қызылжар деп атайтын? (Петропавл)

5. Негізі 1640 жылы қаланған Гурев қаласының қазіргі аты? (Атырау)

6. Ғалымдар бұл қаланың атауын "бау-бақшалы қала", "жасыл қала" деп түсіндіреді? (Шымкент)

7. Қазақ ақындары І.Жансүгіров, С.Сейфуллин жыр арнаған қай қала?

(Көкшетау)

8. Мұғалжар тауының оңтүстік батысында орналасқан Ресейдің Орынбор облысымен шекаралас қала? (Ақтөбе)

9. Үшінші алтын киімді адам табылған аудан? (Зайсан)

10.1854 жылы негізі қаланған Верный бекінісі қазіргі таңда қай қала? (Алматы)



ІІ-топ

1.Қ.И.Сәтбаев 1942 жылы осы өңірде мыс кен орындарын ашқаны үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болды? (Жезқазған)

2. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко деп аталған қала? (Ақтау)

3. 1924-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған қала? (Қызылорда)

4. 1833 жылы Аппақ Байжанов тас көмірін тапқан қала? (Қарағанды)

5. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин дүниеге келген өңір? (Қостанай)

6. 16-18 ғасырлардағы Қазақ хандығының астанасы? (Түркістан)

7. Қазақстанның түсті металлургия орталықтарының бірі болып саналатын қала? (Өскемен)

8. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" кесенесі орналасқан өңір? (Аягөз)

9. Жасыбай көлі, Баянауыл тауы орналасқан өңір? (Павлодар)

10. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен "Бейбітшілік қаласы" атағын алған қала? (Астана)

IV тур «Сиқырлы ой»

Бейнефильмдерге назар аудара отырып, қойылған сұрақтарға шапшаңдық танытып жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпай.



Сұрақтар:

1.Неліктен Ұлы Жібек жолы деп аталған?

(Керуен, сауда –саттық жолы)



2. Бұл қай күй, күйдің авторы және осы күйді орындаушы кім? ("Адай" күйі, авторы Құрманғазы Сағырбайұлы, орындаушы Асылбек Енсепов)

3. Бұл фильм қай шығарма негізінде түсірілген, қандай оқиғаны қамтиды және фильмде қазақтың қандай тұлғалары сомдалған? (Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" романы, Абылай хан, Әбілқайыр хан)

4. Бұл қай күй және осы күйдің шығу тарихы туралы аңызды айт?

5. Бәйгетөбе қорғаны Қазақстанның қай өңірінде орналасқан, бұл қорғаннан нешінші "Алтын адам" табылды және бесжұлдыз ненің белгісі?

(Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті жазығы, биліктің белгісі, яғни бұл қорғанда патша жерленгенін дәлелдейді).



V тур «Алтын көмбе» топтарға тапсырма беру.

Берілген тапсырма арқылы топтастыру арқылы баяндау.



І-топ: Қазақ батыры: Қабанбай батыр

ІІ-топ:Қазақ билері: Төле би

ІІІ. Ойынды қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет