Тарих история history


Б. Балаубаева, С. Парпиев, С. Нуралиева



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата27.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#175604
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
sciPaper168382

Б. Балаубаева, С. Парпиев, С. Нуралиева
44 
Вестник Карагандинского университета 
режимі КДП мен күрділердің батыл әрекеттері мен елдегі сепаратистік қозғалыстың 
шығуынан қауіптенді. Осыған орай 1960 жылы Касем билігі Ирак күрділеріне берген уәдесін 
орындаудан бас тартты. Нәтижесінде М. Барзани бастаған КДП 1961-1975 жыл аралығында 
Иракта бірнеше дүркін көтеріліс ұйымдастырылды. Ирак Күрдістан аумағы мен көршілес 
аумақтардағы арабтардың санын жаппай қоныстандыру Касем мен оның жақтастары ұлт 
саясатының негізгі бағыттары болды. Ирак Күрдістан аумағында күрді тілінде іс-жүргізу, 
білім беруге тыйым салынды. Күрді мектептерінің жаппай жабылуы басталды.
Саддам Хуссейн үкіметі тұсында да Ирак аумағын арабтандыру саясаты белсенді 
жүргізілді. 1977-1979 жыл аралығында Солтүстік Ирактағы 600-ға жуық күрді ауылдары 
жағып жіберілді және 200 мыңға жуық күрділер қоныстану аумағынан тастап кетуге мәжбүр 
болды. Арабтандыру негізнен Ирак Күрдістанның өндірістік аймақтарында белсенді түрде 
жүргізілді.
1988 жылы Саддам Хуссейн биілігі тарапынан жүргізілген «Аль-Анфаль» - әскери 
жазалау операциясы «ұлттық тазалаумен (ethnic cleansing)» бара-бар болды. 3000-4000 күрді 
ауылдары жағып жіберілді. 100000-ға жуық күрді босқындары пайда болды. Арабтандыру 
үдерісі 2003 жылы Саддам Хуссейн билігі құлағанға дейін жалғасты.
Ирак үкіметінің ассимиляциялық саясаты Ирак қоғамының «біз – олар» деп бөліну 
диллемасын келтіріп шығарды. Бұл Ирак күрділерінің Ирак қоғамында сіңісуі мен 
интеграциясына үлкен кедергі болды. Керісінше, оқшаулануына алып келді. Ирак 
үкіметімен толассыз қақтығыстар мен ұзақ уақыт бойы созылып келе жатқан келісе 
алмаушылықтар Ирак үкіметі мен күрділер арасындағы өзара сенім мен біртұтастықты 
жойылуына алып келді. Бұл жағдай Ирак күрділерінің сецессионистік қозғалысын жүзеге 
асыруына өз үлесін қосты.
Түйіндесек, Ирак күрділерінің бір ғасырға жуық уақыт бойы өз ұлттық болмысы мен 
бірегейлігін сақтау жолында үздіксіз күрес жүргізуі олардың күрділік бірегейлігінің 
сақталуына алып келді. Ұлттар Лигасы мен Ұлыбританияның Ирак күрділеріне өз 
ұлттылығын сақтап қалуға мүмкіндік беруі мен БҰҰ мен АҚШ-тың Ирак күрділерінің саяси 
субъект ретінде қалыптасуына ат салысуы түбінде Ирак күрділері саяси институтының пісіп 
жетілуіне алып келді. Бұл Ирак күрділерінің мемлекет құрудағы мақсатына бір табан 
жақындауын қамтамасыз етті. Ирак мемлекеті тарапынан мемлекеттік біртұтастықты сақтау 
және оған төнген қауіп-қатердің алдын алу мақсатында күрділерге жасалған экономикалық, 
саяси-әлеуметтік дискриминациялық және ассимиляциялық саясаты керінсінше мемлекеттің 
дезинтеграциясына алып келді. Сонымен қатар, күрді сецессионистік қозғалысының қайта 
жандануына әкеліп соқты.
6)
 
«Келісілген сецессия vs бір жақты сецессия» 
 
2014 жылы Иракта пайда болған ИШИМ мен ИШИМ-не қатысты орын алған елдегі 
хаос, тұрақсыз жағдай, Ирактың мемлекет ретіндегі функциясының әлсіреуі ИКАА-ның 
Ирактан бөлініп тәуелсіз болу әрекетін жылдамдатты. Керісінше, ИШИМ туғызған хаосқа 
қатысты ИКАА Пешмергасының төтеп беруі Ирак күрділерінің дербес мемлекет құра 
алатындығына қатысты сенімін арттырды. Осыған орай, ИКАА басшысы Масуд Барзани 
2015 жылы 1 шілдеде ИКАА референдум арқылы Ирактан бөлінуіне қатысты мәлімдеме 
жасады. ИКАА аймақтық парламентін құрайтын КДП, Күрдістан Патриоттар Одағы (КПО), 
Горран қозғалысы сияқты беделді партиялар референдумды өткізуге ат салысатынын 
мәлімдеді. Ирак Премьер-министрі аль-Малики ИКАА-ның бөлінуін негізсіз, ИКАА-ның 
Ирак аумағынан бөлінуі Ирак Конституциясына тікелей қарсы шығу деп айыптады. 
Дегенмен, ол сәтте Ирак Үкіметі ИШИМ-мен күресу барысында ИКАА-ның бір жақтама 
шешіміне нақты қарарлар қабылдай алмады. Келіссөздер барысында күштер тең болмады. 
ИКАА басшылары мұнайға бай Мосул аймағының ИШИМ қарулы топтарынан босаған 
жағдайда дереу референдум өткізілетіндігін мәлемдеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет