Негізгі түсініктер:шартты-графикалық, бейнелеу көрнекілік, көрнекілікәдісі.
Мақсаты: Көрнекілік оқыту әдісіне мінездеме беру. Оқыту рпоцесіндегі бұл әдістің қажеттігіне көңіл аудару. Көрнекілік әдісті пайдаланудағы оқушылар қабілетінің өсуі.
Жоспар: 1. Көрнекілік оқыту әдісінің мағынасы. Көрнекі құралдарды таңдаудағы ғылыми-әдістемелік жол және тарих сабақтарында олармен жұмыс істеу тәсілі.
2. Жұмыс істеу тәсілдері:
а/ бейнелеу көрнекілік құрамымен.
б/ шартты-графикалық
в/ сынып ерекшелігі бойынша жұмыс ерекшелігі.
Мазмұны Тарихты оқытудағы көрнекті құралдардың рөлі мен мәні. Шығармашылық ойлау қабілетін реттеу үшін оқытудағы техникалық құралдарды пайдалану тәртібі. Оқушылардың тарихи білім алуындағы компьютердің ролі. Тарих пәні бойынша компьютерлік бағдарламалар қарастыру. Окушыларға тарихи мағлұматтарды жүйелеу және оны тиімді меңгеруге көмек беру. Тарихи процестер альтернативасы проблемасына деген кызығушылықтың артуына байланысты әлеуметтік процестерді модельдеу. Мұғалімнің сабақта көтерген мәселелерге қатысты мағлұмат беру. Бағдарламалық материалды меңгеру қарқыны мен әдістерін оқушының өз еркімен таңдауына мүмкіндік беру.