Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы



Pdf көрінісі
бет23/36
Дата21.05.2022
өлшемі1,96 Mb.
#144391
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
treatise25475

IS
қисық сызығының оңға 
қарай жылжуына алып келеді. Кірістің жаңа тепе-теңдік деңгейі 
Ү
'-ге 
теңеседі. Осылайша шетелдегі кірістің өсуі біздің ішкі кірісіміздің сөзсіз 
өсуіне алып келеді. 
15-сурет. Ұлттық валютаның құнсыздануы және таза экспорттың өсуі 


70 
15-суретте таза экспортқа шетелдік кірістің өсуінің әсері көрсетілген. 
Біршама өскен шетелдік кіріс 
NX
таза экспортының қисық сызығы жоғарыға 
қарай жылжуына алып келеді. 
Ү
* жаңа кіріс деңгейі жағдайында 
NX
таза 
экспорты бұрынғы деңгейінен жоғарыға көтеріледі (15-сурет). 
Біз осылайша ұлттық валютаның шынайы құнсыздануының 
NX
қисығының оңға қарай жылжуына алып келетінін де көрсете аламыз. 
Бұған сәйкес 
IS
қисығының оңға қарай жылжуына алып келеді және 
мұның салдарынан тепе-теңдік кірісінің өсуіне алып келеді. Таза экспорттың 
өсуі пайда болады. 
Мұнымен қатар, елдер толық жұмыспен қамтуға қол жеткізу арқылы 
ішкі тепе-теңдікті демеп тұрұға ұмтылады (16-сурет). 
16-сурет. Ішкі тепе-теңдік пен толық жұмыспен қамту ара қатынасы 
16-суретте сыртқы тепе-теңдік пен толық жұмыспен қамтуға қол жеткізу 
арасындағы қайшылықтың мүмкін болатын нұсқалары көрсетілген. 
NX
= 0 вертикал сызығы теңгерілген сауда теңгерімін білдіреді – 
берілген валюталық курс және шетелдік кіріс жағдайында кірістің бір ғана 
деңгейі болады: бұл жағдайда импорт экспортқа тең болады. Бұл сызықтың 
сол жағындағы сауда теңгерімі оң мәнге ие болады: төмен кіріс жағдайында 
импорт азырақ болады, бұдан келіп саудада оң сальдо пайда болады. 
NX
= 0 сызығының оң жағында сауда теңгерімінің тапшылығы пайда 
болады. 
Толық жұмыспен қамтылу 
Ү
* кіріс деңгейі жағдайында қол жеткізіледі, 
оның сол жағында жұмыссыздық, ал оң жағында жұмыспен қамтылудың 
молшылығы көрсетілген. 
Әдетте елдер өздерінің төлем теңгерімінің теңдік жағдайында болуына 
ұмтылады. Кері жағдайда не Орталық банктің резервтерінің қысқаруы жүреді 
(бұл жайдың шексіз жүруі мүмкін емес), не резервтер көлемі тұрақты түрде 
өсетін болады - Орталық банкі үшін бұл жай қалаусыз. Тепе-теңдікке қол 
жеткізу міндеті сыртқы тепе-теңдік деп аталады. 
Ішкі және сыртқы тепе-теңдік жайының түрлі комбинацияларына сәйкес 
келетін үш аумақты анықтайық. 


71 
І аумақта жұмыссыздық оң мәндегі сыртқы сауда теңгерімімен үйлеседі. 
Бұл жерде ішкі және сыртқы саясат арасында қайшылық жоқ. Кредиттік-
ақшалық және салық саясатын либерализациялауы экономиканың тәуекелсіз 
кірісінің жоғарырақ деңгейде болуын сыртқы шектеулермен бетпе-бет 
келуіне алып келеді. 
ІІІ аумақта экономикада жұмыспен мол қамтушылық пен бір мезгілде 
сыртқы сауда теңгерімінің тапшылғы орын алғандықтан, екі саясат та бір-
бірімен қайшылыққа келмейді. Мұндай жағдайда кредиттік-ақшалай және 
бюджеттік саясатты қатайту арқылы сұранысты шектеу тапшылықтың 
төмендеуіне және сұраныстың толық жұмыспен қамту деңгейіне сәйкес 
келетін деңгейге дейін төмендеуіне септеседі. 
Ең соңында, II аумақта біз ішкі және сыртқы тепе-теңдікке қол жеткізу 
мақсаттары арасындағы қайшылықты бақылаймыз, себебі жұмыспен 
қамтуды көтеру мақсатында экономикалық өсімді ынталандыру бір мезгілде 
сауда теңгерімінің тапшылығының өсуіне алып келеді. 
Сауда теңгерімінің тапшылығы мүмкін болуы үшін бұл тапшылықты 
қаржыландыратын қаражат табу керек. Басқаша айтқанда, импорттың 
экспорттан басым болуын төлеуге қаражат табу керек. Егер де 
қаржыландыру мәселесі шешілмейтін болса (қазіргі кезде мұндай жағдай 
көптеген дамушы елдерге тән болып келеді), сауда теңгерімі экономикалық 
өсімнің шектегіші болып келеді. 
Толық жұмыспен қамтуға қол жеткізуге бағытталған шаралар 
арасындағы, және де сыртқы шектеулер арасындағы қайшылықты реттеу 
үшін 
NX
таза экспорт қисық сызығын жоғарыға және оңға жылжытатын 
шаралар (мысалы, шынайы құнсыздандыру сияқты) жүргізу керек. Мұның 
баламасы ретінде импорттық түсімдерден асып түсетін, егер де қол жеткізу 
мүмкін болса - сыртқы займдар есебінен импорттың артық молшылығын 
қаржыландыруды да қолдануға болады. Бұл жағдайда 
NX
= О сызығының оң 
жағында орналасқан кіріс деңгейі қол жетімдіге айналады. 
Осы кезге дейін біз ұлттық экономикаға түрлі сыртқы ықпалдардың 
қалай әсер етуін қарастырып келдік. Бұл жағдайда түрлі елдердің 
экономикасы арасындағы өзара байланыс ешқашан да есепке алынған емес. 
Ел ішінде мемлекеттік шығындар өскен кезде, кіріс өседі; кіріс өсімінің 
өскен бөлігі импортқа жұмсалады, мұның нәтижесінде шетелдегі кіріс те 
өсетін болады. Шетелдегі кірістің өскен бөлігі отандық тауарларға деген 
сыртқы сұраныстың өсуіне ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде мемлекеттік 
шығындардың өсуі нәтижесіндегі өскен өсімнен жоғары ішкі кірістің 
қосымша көтерілуін қамтамасыз етеді. Бұл қайталама салдар әсерлері 
практикада өте маңызды болуы мүмкін. 
Кұрама Штаттарда экономикалық өсім қарқыны көтерілген кезде, бұл 
жағдай локомотив тәрізді, басқа елдердің де экономикасын өрге қарай 
сүйрейді. Тап сондай экономикалық өрлеу басқа елдерде де жүретін болса, 
Құрама Штаттар сол елдердің локомотивіне тіркеседі. 
Бұл жерде әрбір ел бірінші кезекте өз мемлекеттік шығындардың өсуіне 
қарай әрекет жасауға ынталы екендігін атап өту керек. Алайда, бұған 


72 
қарамастан ел сыртындағы шығынының өсуі де қалай да болмасын елдің 
кірісі деңгейіне әсер етеді. Бұдан басқа түрлі елдер экономикасындағы 
өзгерістердің басқа елдерге әсер етуі түрліше болады. Бұл елдердің 
экономикасының көлемі мен қуатына байланысты жүреді. 
Мысалы, АҚШ-тағы мемлекеттік шығындардың өсуі Жапониядағы 
немесе Германиядағы кірістің мол өсіміне алып келеді, ал бұл жағдай 
керісінше жүрсе, АҚШ үшін кірістің өсуі жоғарыдағы елдердегідей бола 
қоймайды, мұның себебі АҚШ экономикасы басқа елдердің экономикасымен 
салыстырғанда көлемі бойынша орасан үлкен болып келеді. Сондықтан да 
АҚШ-тағы мемлекеттік шығындардың өсуі, пайыздық ара қатынаспен 
салыстырғанда Жапония мен Германиядағы тап сондай мемлекеттік 
шығындардың өсуімен салыстырғанда әлемдік сұраныстың мол өсіміне әсері 
молырақ болады. 
Енді экспорттың макроэкономикалық тепе-теңдігімен экономиканың 
өсуін сақтаудағы маңызын қарастырайық. 
Ашық экономика жағдайында сыртқы факторлар - экспорт, импорт, 
шетелдік инвестициялар өндіріске, кіріс деңгейіне және ел ішіндегі 
жұмыспен қамту деңгейіне әсер етеді. Бұған сәйкес, сыртқы факторлардың 
көмегі арқылы макроэкономикалық тепе-теңдікке әсер етуге болады. 
Экспортталатын тауарларды, мысалы мұнай мен газды, басқа елдер 
тұтынады, бірақ экспорт ұлттық өндірістің, кірістің және жұмыспен 
қамтудың өсуіне түрткі болады. 
Сыртқы сауданың салыстырмалы түрдегі артықшылығы туралы 
классикалық 
теория 
экспорттың 
табиғи 
және 
қол 
жеткізілген 
артықшылықтары арасында неғұрлым үйлесімді қатынас орнатуға ұмтылады. 
Хекшер-Олин теориясына сәйкес елдер өздерінде салыстырмалы түрде 
мол қоры бар өндіріс факторларын пайдаланып, шығынды көп керек ететін 
товарларды экспортқа шығарып және өндіріс факторларын көп керек 
етпейтін тапшы товарды да экспортқа шығарып, осы товарларды кері 
пропорция факторларын қолдану арқылы өздерінде өндірілмейтін тауарларға 
айырбастауға тырысады. 
Мұның салыстырмалы артықшылығы — тауарлар мен қызметтерді 
салыстырмалы түрдегі төмен баламалы құны бар тауарлар мен қызметтерді 
өндіру мүмкіндігі экспорт құрылымын айқындайтын басты фактор болып 
табылады. Осылайша жанама формада артық факторлар экспортталады және 
өндірістің тапшылық факторлары импортталады, яғни бір елден бір елге 
тауар жылжуы әлемдік шаруашылық көлемде өндіріс факторының төмен 
мобильділігінің орнын толтырады. 
Бұл жерде әңгіме елдің қолындағы өндіріс факторларының саны 
жөнінде емес, олардың салыстырмалы түрде қамтамасыз етілуі жөнінде 
(мысалы, көмірсутекті шикізатының болжамды қоры жөнінде) болып 
тұрғандығын атап өту керек. Егер де аталмыш елде қандай да болмасын бір 
өндіріс факторы салыстырмалы түрде басқа елдерге қарағанда көбірек 
болатын болса, онда оның құны да салыстырмалы түрде төменірек болады. 


73 
Мысалы, егер де көмірсутекті шикізат қоры салыстырмалы түрде мол 
фактор болып табылатын болса, онда басқа да тең шарттар жағдайында 1 
тонна мұнай өндіру шығындары төменірек болады. Бұған сәйкес, 
қолданылатын өнімнің салыстырмалы құны өндірісте басқа факторлармен 
салыстырғанда арзан фактор болғандықтан басқа елдердікіне қарағанда 
төмен болады және көп қолданылады. Осылайша сыртқы сауда бағытын 
айқындайтын салыстырмалы түрдегі басымдылықтар пайда болады. 
Белгілі американ экономисі Леонтьев 1950-інші жылдардың ортасында 
Хекшер-Олин теориясының негізгі қорытындыларын эмпиристік тексеру 
әрекетін жасап көреді де парадоксалды қорытындылар шығарады. 
«Шығындар-өнім шығару» салааралық теңгерім моделін қолданып, ол 
американдық экспортта басым бөлігін салыстырмалы түрде көп «еңбек 
сіңіруді қажет ететін» тауарлар, ал импортта көп «капиталды салуды қажет 
ететін» тауарлар басым болғандағын көрсетті. 
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда АҚШ-та өзінің сауда әріптестерінің 
басым көпшілігіне қарағанда капитал салыстырмалы түрде мол, артық 
өндіріс факторын пайдаланды және де жалақы деңгейі біршама жоғары 
болды. Бұл Хекшер-Олин теориясына сәйкес АҚШ көп капитал салуды қажет 
ететін тауарларды экспорттап, ал көп еңбек салуды қажет ететін тауарларды 
импорттауы керек еді. 
Эмпирикалық түрде алынған нәтиже Хекшер-Олин теориясы болжағанға 
тікелей қарама-қайшы келіп тұрғандықтан, «Леонтьев парадоксы» атауын 
иеленді. Бұдан әрі қарайғы зерттеулер бұл парадокстың басқа да елдер 
(Жапония, Индия және т.б.) үшін тән екендігін растады. Бұл парадоксты 
түсіндіру үшін жасалған көптеген әрекеттер ішінде келесілерді атап өтуге 
болатын халықаралық мамандандыруға әсер етуші қосымша жайларды 
ескеру жолы арқылы Хекшер-Олин теориясын дамытып, байытуға мүмкіндік 
берді: 
-
өндіріс факторларының алуан түрлілігі, ең алдымен еңбек факторы 
квалификациялық деңгейі бойынша алуан түрлі айырмашылыққа ие болуы 
мүмкін. Бұл айырмашылықтың нәтижесінде өндірісі дамыған елдердің 
экспортында жалпы еңбектің емес, жоғары білікті еңбектің артық 
молшылығы көрініс беруі мүмкін, себебі дамушы елдер бұл кезеңде 
біліктілігі төмен жұмыскерлердің біршама еңбек шығынын қажет ететін 
өнімді экспортайды. Леонтьев парадоксы жағдайында АҚШ-тан біршама 
өзіндік ерекшелікке ие «адамдық капиталдың» үлкен шығындары жұмсалған 
«көп еңбекалуды қажет ететін» тауарлар экспортталған еді. 
-
табиғи ресурстардың маңызды рөлі. Табиғи ресурстар көп жағдайда 
капиталдың үлкен көлемімен ғана өндірістік процесте ассоциациялануы 
арқылы ғана қатыса алады, мысалы пайдалы қазба өндіру салаларында. Бұл 
белгілі бір мәнде көптеген табиғи ресурстарға бай дамушы елдердің 
экспорты капитал көп салуды қажет ететін болып табылатындығын 
түсіндіреді, алайда бұл елдерде капитал өндірістің артық факторы болып 
табылмайды. 
-
мемлекет жүргізіп отырған саясаттың халықаралық мамандандыруға 


74 
әсер етуі. Бұл импортты шектеуі және ел ішінде өндірісті және өндірістің 
салыстырмалы түрде тапшылық факторлары интенсивті қолданылатын 
салалар өнімінің экспортын ынталандыруы мүмкін. 
Халықарлық 
сауда 
теориясы, 
соның 
ішінде 
салыстырмалы 
артықшылықтар теориясы, сыртқы сауда қатынастарының дамуы 
нәтижесінде оған қатысушы барлық елдер табиғи шикізат экспорты түріндегі 
ұтысқа ие болады деп сендіреді (17-сурет). 
17-сурет. Мұнай және мұнай өнімдері экспортының өндіріс және сауда 
мүмкіндіктерінің қисық сызығы 
Келесі жағдайды елестетейік: ел екі тауар ғана - мұнай мен мұнай 
өнімдерін ғана өндіреді. Оған қатысты баға мұнай өнімдерінің бір 
тоннасының құны 5 тонна мұнайдікіндей болып қалыптасты, сол себепті де 
мұнай мен мұнай өнімдерін өндірудің өндірістік мүмкіндіктері бірдей болып 
теңесті. Бұл жағдайда ел 25 млн. т мұнай және 5 мың. т мұнай өнімдерін 
өндіру болжанатын 
А
нүктесінде орналасады (ВС өндірістік мүмкіндіктерінің 
қисық сызығында). 
Ал әлемде жай басқаша деп ойлайық: бір тонна мұнай өнімдері 10 т 
мұнайға тең. Бұл ВД сауда мүмкіндіктерінің қисық сызығы өндірістік 
мүмкіндіктерінің қисық сызығынан оңырақ жатыр дегенді білдіреді, яғни 
елге тек мұнай өндіруге маманданған дұрыс. 
Егер де мұнай мен мұнай өнімдерін тұтыну арақатынасы өзгермесе, 
және де ел оларды бұрынғыдай тең пропорцияда тұтынуға ұмтылатын болса, 
аталмыш елге 10 мың т мұнай өндіріп, оның жартысын 50 млн. т мұнай 
өнімдеріне айырбастау тиімді болады, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет