Әлеуметтендіру теориясы. Тұлға – қарым-қатынас пен қызмет барысында қалыптасқан және тиісті белсенділік деңгейі мен өзіндік тануды білдіретін адамның әлеуметтік мәні. Тұлғаның дамуы – ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен белгіленген, ағза. Психика, интеллектуалдық және рухани ортадағы сандық және сапалық өзгерістер үдерісі. Тұлғаның қалыптасуы- тұқымқуалаушылықтың әсері, орта, мақсатты тәрбиелеу мен өзіндік белсенділіктің нәтижесінде тұлѓаның қалыптасу үдерісі. Тұлғаны әлеуметтендіру - тұлғаның қоғамға, жеке топқа тиісті тәртіп үлгілерін, құндылықтар, нормалар, қағидаларды бі-луі және сол арқылы әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік тәжіри-бені меңгеруі.Тұлғаның даму факторлары - тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие. Тұлғаның дамуының негізгі күштері: ішкі қарама–қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен қажеттіліктері арасындағы). Сыртқы қарама–қайшылықтар (тұлғаның мүмкіншіліктері мен қоғам-ның талаптары арасындағы)