Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау әдісі. Педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және жинақтау зерттеу жұ-мысына құнды материалдар береді. Зерттеу нысаны ретінде жаппай тәжірибені алуға болады. Ол жетекші бағыттарды белгілеуге әсерін тигізеді. Жағымсыз тәжірибе қателер мен кемшіліктерді белгілеуге ықпал етеді. Алдыңғы қатарлы тәжірибе мұғалімдердің жаңашыл-дығын анықтауға және қорытындылауға себеп болады.
Ғылыми-педагогикалық танымның теориялық әдістері.Ғы-лыми әдіс – ғалымдардың зерттеу жұмысында пайдаланатын категориялардың, құндылықтардың, реттеуші ұстанымдардың, білім беру модельдерінің, әрекет үлгілерінің және т.б. жүйесі. Ғылыми әдіс – ғалымның назарын аударған шынайы болмысты зерттеудің құралы.
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері. Нақты педагогикалық үдерістердің талдауынан шыға-ды да, олардың даму көздерінің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін себептерді анықтайды. Оларға, ең алдымен, үлгілеу, идеалды нысандарды құру жатады.Үлгілеу әдісінің ерекше маңыздылығының нәтижесінде, нақты кез-келген зерттеуде қолда-нылады.