Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Педагогтің зерттеушілік әрекеті және зерттеушілік мәде-ниеті



бет144/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

3.6.Педагогтің зерттеушілік әрекеті және зерттеушілік мәде-ниеті. Педагогтің зерттеу әрекетіне даярлығын қалыптастыруда ғылы-ми-зерттеу жұмысының маңызы ерекше. ХХ ғасырдың екінші жарты-сында педагогикалық білім берудің жалпы теориясы көлемінде педа-гогтің ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау көкейкесті мәселеге айнал-ды.«Ғылыми-зерттеу жұмысы», «іс-әрекет шығармашылығы», «жа-ңашылдық» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты: іс-әрекет шы-ғармашылығы арқылы ғылыми-зерттеу жұмысы туындайды, ал жүйелі жүргізілген кез келген ғылыми-зерттеу жұмысы нәтижесінде «ғылыми болжам» туындап, жаңалық ашуға жол ашылады, яғни мұғалімнің ин-новациялық даярлығын қалыптастыру мүмкіндігі кеңейеді. Филосо-фиялық әдебиеттерде кез келген іс-әрекеттің инвариантты циклі төмендегідей жалпынама нобайда беріледі: мақсат – құрал – нәтиже.
Мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау жоғары оқу орны қабырғасынан бастау алуға тиіс. Қазіргі кезеңде жалпы қоғам талабына сәйкес, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмысын жаңа бағытта жүргізу қолға алынуда. Жалпы мұғалімнің зерттеу іс-әрекеті төмендегідей логикалық байланыста құрылады: рефлексия – ғылыми зерттеу – практика – рефлексия.
Бұл зерттеудің ерекшілігі сол, мұғалім жәй әдіскер-сарапшы рө-лінен, яғни өзіне дейін белгілі әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесін пайда-ланып қана қоймай, сонымен бірге өз оқушыларының дербес ерек-шеліктерін ескере отырып, оқу тапсырмаларын өзі құрастыруы, мұға-лім – жобалаушы – үйлестірушіге айналады. Мұғалім өз іс-тәжірибесін зерделей, ұдайы өзгерістер енгізе отырып, шығармашылықпен жұмыс істеу барысында өз іс-тәжірибесін, өз іс-әрекетін жаңаша түрлендіріп, жаңаға бет бұрады, мұғалімнің жаңаны үйренсем, меңгерсем, қолдан-сам деген қажеттілігі артып, инновациялық даярлығын қалыптасты-рады.
Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы мәдени-өр-кениеттің дамуының негізгі көрінісі болып табылады. Бұл парадиг-маны практикада жүзеге асыру үшін педагогтің кәсіби-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет. Бұл ретте, әлемдік бәсекеге кабілетті білім беруді жүзеге асыратын парадигманың қоғамды дамытудағы үлесі, жалпы орта білім беретін және жоғары мектептердегі иннова-циялық реформаларды жүзеге асыру, білім беру саласындағы түбегей-лі өзгерістер, оку-тәрбие үдерісінде ақпараттык, коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану және т.б. басшылыққа алынады.
Педагогтің зерттеушілік әлеуетін қалыптастыру білім мен ғылым беру тео-риясын түсінуге мүмкіндік беретін философиялық және білім беру практикасында өзінің идеясын жүзеге асыруға көмектесетін практика-лық бағыттылығы бар әдіснамалық білімдер жиынтығын құрайды. Философиялық білімнің құрылымын әдіснама, гносеология, диалекти-калық логика, әлеуметтік философия және ғылым философиясы анық-тайды. Зерттеудің философиялық-әдіснамалық негіздеріне философия-ның категориялары, заңдары, ұстанымдары, таным және ғылыми таным теориясының іргелі қағидалары алынады.
Педагогтің зерттеу мәдениетінің мазмұнына практик-мұғалім-дердің ғылыми зерттеу әрекетінің аппаратын меңгеру, зерттеудің мақ-сатын анықтау, ұстанымдарды таңдау, әдістерді негіздеу дағдылары және әдіснамалық рефлексия енеді. Педагогтің әдіснамалық дайын-дығы теориялық пайымдау мен практикалық әрекетті талап етеді. Әдіснамалық дайындығының мазмұны жоғары кәсібилік, ойлаудың икемділігі, әдіснамалық рефлексия, ғылыми негіздеуге қабілеттілік, тұжырымдамаларды сын көзбен қарай отырып, шығармашылықпен қолдана білу, танымның формалары мен әдістері, басқару-құрастыру, кәсіби әрекет жағдайында өзгерістерге бағдарлап отыратын білімді меңгеруден тұрады.
Педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік білімдер жүйесіне негізделген, жалпыдан, яғни кәсіби білім берудің әдіснамалық білімдерінен жекеге, яғни оқытудың жалпы әдістемесі-орта және жоғары педагогикалық білім беру дидактикасына бағытталған логикамен анықталатын білім беру үдерісі, білім беру практикасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет