3.3. «Мәңгілік ел» идеясының ұстанымдары. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының үздіксіз білім беру жүйесінде іске асуына байланысты атқарылып отырған шаралар тарихымыздың өткені, бүгі-ні, болашағын сабақтастыра отырып білім беру мәселесі басты бағыт болып табылады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының даму мен қалып-тасуына тоқталатын болсақ сақ, ғұн, түркі елінің батырлары Құлтегін, Тоныкөк батырлардың ерен ерліктерінен бастау алатынын, Түркі қаға-наты тұсындағы түркі жұртының қайталанбас даналығы мен көреген-дігінен нақты көре білуге болады.
Қоғамның алдында тұрған негізгі мұрат бабаларымыз арман-даған мәңгілік ел идеясын дамыта отырып іске асыру. «Мәңгілік ел» идеясының негізгі көрсеткішіеліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау, бабаларымыз аманаттаған ұлы даланы ұрпағына аманаттау, сол ұлы даланы мекен етіп отырған халықты бәсекеге қабілетті, әлемдік тех-никалық прогресс көшіне ілесе алатын, рухы биік зиялы ұрпақты қа-лыптастыру болып табылады. Идеяны іске асыруда отбасында бастау алған тәрбиелік құндылықтар үздіксіз білім беру жүйесінде табысты нәтижеге жетуі керек. Ұлттық көзқарасты қалыптастыратын тарихтан басқа, рухани көркем туындылар ұлттық мүддені алдыңғы қатарға шығарып, ұлттық танымға қызмет етуі тиіс.