Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Қазіргі мектептегі электронды (E-learning) оқыту жүйесі



бет239/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

7.7. Қазіргі мектептегі электронды (E-learning) оқыту жүйесі.Акпараттық-комуникациялық технологияны қолданып окыту-дың тағы бip түpi - электронды оқыту жүйесі (e- learning). E-learning электронды оқыту бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі 2010 жылдан бастап icкe асырып келе жатқан білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының 6ipi болып табылады. Орта білім беру үшін электрондық оқыту (бірыңғай жүйесінің мақсаты: білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына: қашықтықтан оқыту (ақпараттық-коммуникациялық технологиялық құралдар теле-коммуникациялар т.б.), электронды оқу құралдары, электронды мектеп журналдары және ақпараттық техникалық құралдарды интерактивті тақта, жылжымалы интерактивті тақталар, сымсыз интернет (WI-FI), мобильді сынып, желілік интернет, «Joi klass» (сыныпта желі аркылы әртүрлі тапсырмаларды орындау) бағдарламасы, мультимедиа құрал-дары т.б. қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 536 бұйрығы негізінде білім беру ұйым-дарымен «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бі-рыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасын енгізу туралы» ере-жесіне сәйкес «Күнделік» порталы жұмыс істейді. Ата-аналар Kundelik.kz сайтында өзінің логині мен құпия сөзі арқылы «Балалар» - «Күнделік» порталындағы өз баласының электронды күнделігіне кіріп, білім сапасымен еркін танысып отыруына толық мүмкіндіктері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет