8.5. Функционалды сауаттылық – тұлғаның өмір тіршілігінің әр түрлі саласындағы міндеттерді шешу нәтижесі және негізі. Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсатта-рының бірі ретінде айқындалып отыр.
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалып-тасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; эконо-микалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.
«Құзыреттілік» термині Webster сөздігіне сүйенсек, сауаттылық сөзінің синонимі ретінде 1596 жылы пайда болды. Уақыт өте келе бұл терминнің мағынасы өзгерді. ХХ ғасырдың екінші жартысында дағ-дының қолданбалы мәніне байланысты «функционалдық сауаттылық» мағынасына ие болды. 1980 – 1990 жылдары сауаттылық анықтамасы жаhанданудың, оның ішінде жаңа ақпараттық технологиялардың қол-данылуына байланысты одан әрі кең мағынаға ие бола бастады. 2002 жылы БҰҰ ның Бас Ассамблеясы «Сауаттылықтың он жылдығы» туралы резолюция қабылдап, сауаттылықты «адам құқықтарын негіз-деуші» және адамның өзіне барлық «өмірлік дағдыларды» сіңіруінде маңызды мәнге ие деп көрсетті. Оқушылардың функционалдық сауат-тылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық жоспардың міндеттерінің бірі – мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін оқушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Олар: функционалдық сауатты-лық; – оқу және жазудағы сауаттылық; жаратылыстану ғылымдарын-дағы сауаттылық; математикалық сауаттылық; компьютерлік сауат-тылық; отбасылық өмірі мәселеріндегі сауаттылық; денсаулық мәселесіндегі сауаттылық; заң сауаттылығы және т.с.с.