Тақырыбы: Құжаттың әдістері мен тәсілдері. ( жалғасы )
Дәрістің мақсаты: Құжаттың әдістері мен тәсілдері ретінде анықтау
Дәрістің мазмұны: Құжат таңбалы жүйе ретінде. Құжат екі түрлі мәліметтік жүйелер арасындағы семантикалық ақпарат алмасу үшін қызмет ететін материалдық дәнекер.
Құжаттың қасиеттері: Ақпарат сиятын белгі пішінінің ерекшеліктері;
Белгілерді салу тәсілдері;
Сол белгілерді қабылдау тәсілдері.
Белгі жүйесі белгілі қасиеттерге ие: Белгілер бір – бірімен грамматиканың белгілі ережелерімен байланысты;
Жаңа белгілер жүйеге тікелей емес ережелер негізінде енгізіледі;
Жүйедегі белгінің мәні оның өзінен емес, оның жүйедегі орнына тәуелді;
Жүйе элементтерден тұрады, олардан сөздік құралады;
Бір белгі жүйесінен екіншісіне аудару мүмкіндігі бар;
Белгілер бір немесе бірнеше тәсілдермен нақтыланады.
Иллюстрация – белгі жүйелеріне байланысты. Басылымның ақпараттылығын кеңейтудің аса маңызды құралы. Қожазба кітаптарында көп кездеседі. Кітаптардағы иллюстрациядағы суреттер кітаптағы жазбаның мағынасына қарай түрлі болады. Оның сапасы мен әдемілігіне қарай жазбаның құндылығы да артуы мүмкін.