Технологиялар



Pdf көрінісі
бет16/29
Дата30.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#155714
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
Технологиялар
ата аналар жиналысының хаттамасы Шалабаева А, 9 класс тест при входе РЯиЛ, e6st2bd74r1bge0wkcyz81ix4dvnh07qcdqyy669e4x1ls, Қазақ тілі
Модульдік оқыту технологиясы 
Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. 
Модульдік оқытудағы негізгі мақсат - оқушының өз бетінше жұмыс істей 
алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері 
арқылы жұмыс істеуге үйрету. 
Осыдан келіп оқытушының жұмысында және оқу үрдісінің 
құрылымында өзгерістер болды. Атап айтсақ, білімді толық меңгерту 
әдістемесінде оқытушының жұмысы мынадай жүйеде құрылады 
(М.М.Жанпейісова бойынша): 
Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру; 
Топта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша 
жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру; 
Оқытушының материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте 
және т.б.); 
Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру; 
Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін сұхбаттық 
қарым - қатынас негізінде оқушының танымдық іс - әрекетін 
ұйымдастыру; 
Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу 
материалын меңгерту; 


73 
Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы, 
т.б.) жүргізу. 
Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық 
қабілеттерін және танымдық үрдістерді дамытуға, сондай-ақ тұлғаның 
қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін – өзі бекіту, қарым – қатынас, 
ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, 
белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. 
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклы ретінде үш құрылымды 
бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен түрады. 
Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы 
бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген 
сағат санына байланысты. Зерттеулер 7-12 сағаттан түратын оқу модулінің 
неғұрлым тиімді екенін көрсетті. 
Жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімге 1-
2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде 
болады. 
Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы 
құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады. Содан кейін 
оқытушы осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын 
қысқаша, сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып 
түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық үрдіс топты 2-6 адамнан шағын 
топтарға бөлу арқылы, негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне 
құрылған. 
Бұл технологияны қолдану барысында мен оқу материалдарын 
дайындау көп уақыт талап ететінін байқадым. Ал қазіргі заманғы 
интерактивті құрылғылар дайындыққа кететін уақытты шамамен үш есеге 
азайту мүмкіндігін береді. Сонымен қатар электронды материалдар қайта 
өңдеуге, қатесі болған жағдайда тез түзетуге, жетілдіруге өте қолайлы 
болап табылады. Сонымен бірге интерактивті құралғыларды сабақта 
қолдану 
оқушылардың 
қызығушылықтарын, 
белсенділіктерін, 
дайындықтарын арттыра түседі. 
Модульдік оқыту технологиясы баланың тұлғалық психикалық 
қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Ал модульдік технологияны 
интерактивті құрылғылардың көмегімен жүзеге асыру сабаққа дайындық 
кезеңінде көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. 
Қазіргі заманғы педагогикалық ғылым білім мазмұнын бұрынғыдан 
өзгеше қарастырады. Қоғамда дамытушы, тұлғаға бағытталған 
технологиялардың енгізілу қажеттілігі туындап отырғаны айқын. 
Бұл технологияның ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және 
жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқу модулінің құрылымы 
кіріспеден, сұхбат (сөйлесу) және қорытынды бөлімнен тұрады. 
Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың 
аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген 


74 
оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты 
бағдарламасынан тұрады. 
Модульдік оқыту білім мазмұны , білімді игеру қарқыны, өз бетінше 
жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша 
оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. 
Алға қойған келелі мәселе – оқытудың жаңа элементтерін пайдалану 
арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. 
Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға 
мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау 
қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына 
көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде 
білім алуына кепілдік береді. 
Зер сала қарасақ, оқушынынң білімді меңгеру деңгейі талдаудан 
бастап, жинақтау мен бағалауда жоғарылай түседі. Технологияның да 
негізгі ерекшелігі осында. Оқушы бітімін шығармашылық деңгейде 
жетелеуде мәселе қойып оқытудың алар орны да ерекше. 
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше 
жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша 
оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. 
Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға 
мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау 
қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына 
көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде 
білім алуына кепілдік береді. 
Модельде 3 деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, 
шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі. 
3 деңгей – мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық оқушылар 
орындауы, білуі міндетті. 2 деңгей – бұған қарағанда күрделірек, ал 1 
деңгейді – өзіндік пікірін жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен 
дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай алады. Бағалау: 3 
деңгей – «3», 2 деңгей - «4», 1 деңгей – «5» деген бағаның тапсырмасы. 
Тапсырманы орындау кезіндегі оқытушының ынтасы, жұмыс істеуге деген 
құштарлығы білім беру жүйесінде нәтижеге жеткізеді. Оқушылардың 
тапсырманы өз бетімен орындауы – шығармашылық жұмыстың бастамасы. 
Сонымен қатар, топ оқушыларының қай пәнге икемді екенін байқап, әрі 
қарай дамытуға көп көмегін тигізеді. Оқушылар 1 деңгейді орындауға 
еліктеп, сабақтан тыс уақытта да өз бетімен жұмыс істеуге отыратын 
болады.
Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу 
моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге 
асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-
әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет