1. Тәрбиеші ең алдымен өзінің мінезін, жүріс- тұрысын жөнге салып, балалар іс- әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек.
2. Арнаулыбілім, білік пен іскерлік- дағдыны менгеруі тиіс.
3. Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе біліу керек.
4. Ол өзініңқөзқарасымен, ым- ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп, түсіндіре алуы қажет.
5. Кейде әзілдесіп, тиісті жерінде қатал талап қоя білуі керек.
6. Тәрбиешісінің әрбір қимылы, жүріс- тұрысының өзі балаларға өнерге, тәлім- тәрбие берерліктей болуы тиіс.
Тәрбиешісінің педагогикалық шеберлігі тәрбие жмысының әрбір кезеңінде не істейтінін, не үшін істейтінін, қандай нәтижеге жеткісі келетінін саналы, анық және дәл білуіне байланысты болмақ. Шебер тәрбиешінің бөлмелерді педагогикалық және эстетикалық талаптарға сай жабдықтауы, тәрбие жұмысына қажетті көрнекі құралдарының түгел болуы, олардың өз орнында тұруы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды. Тәрбиешінің негізгі қасиеттерінің бірі- педагогикалық әдептілік. Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуіді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу. Тәрбиеші қызыметінің ерекшелігі: педагогтік әдепті игеру, ықылыспен еңбек ету, кәсіби шеберлікті үнемі шындап отыру.