алға қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін тиімді әдістер мен құралдарды таңдау.
Перспективалық жоспарды топқа бір жас тобында жұмыс істейтін екі тәрбиеші құрастырады. Бұл шартты орындау балаларға біріңғай тәсілді, біріңғай талаптарды қолдануды қамтамасыз етеді, жоспар мен бағдарламаны орындауда
әрбір тәрбиешінің жауапкершілігін арттырады. Ауысыммен жұмыс істейтін тәрбиешілер бір–бірімен күнделікті байланыста болуы, балаларды бақылау нәтижелері бойынша үнемі пікір алмасулары тиіс: олар бағдарламалық материалдарды қалай игеруде, өзінің міндеттерін қалай орындайды, мәдени
мінез-құлық дағдылары қалай қалыптасуда, кіммен ойнайды және т.б мәліметтерді білуі қажет. Осылайша, жоспардың негізгі бөлігін екі тәрбиеші де
белгілейді, бөліктерін әрқайсысы жеке белгілейді.Тәрбиеші өзінің тобындағы балаларды жақсы біліп, әрбір баланың даму динамикасын зерделеу керек.
Білім беру процесін құрудың тақырыптық ұстанымдары мектепке дейінгі ұйымдардың ерекшеліктерін ескеруге, аймақтық және мәдени компоненттерді енгізуге мүмкіндік береді.