Тәуекел – бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі деп оның қаржылық қызметінің жүзеге асырылуының шарттарының белгісіздігі жағдайында табыстар жоғалту немесе капитал жоғалту формасында жағымсыз қаржылық салдарлардың пайда болу ықтималдылығы түсіндіріледі. Қаржылық тәуекелдердің жіктелуі Кәсіпорындардың тәуекелдерінің ішінде ең көп кездесетіні және ең негізгісі болып қаржылық тәуекелдер табылады. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдері көп түрімен сипатталады және оларды тиімді басқару мақсатында келесідей негізгі белгілер бойынша сыныптайды.