Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет17/46
Дата22.04.2020
өлшемі1,57 Mb.
#64185
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
«Театр

өнері 

арқылы

Республикамызды  бүкіл әлем  таныған  ел  дәрежесіне  көтеріп,  бүгінгі  заманға

сай өркендеуімізге  толық мүмкіндік  бар.  Бұл  іргелі  міндеттің жүзеге  асуына

қаламгер-драматургтеріміз  де өз үлестерін қосып  келеді.  Болашақта  да қоса

бермек. Қосуға  тиіс. Өйткені,  театр өнерінің  қайнар  көзі  мен  арқауы –

ұлттық драматургия», – деген пікірін келтіру орынды болмақ.

Қазақ  қыздарының  өр әрі  еркін  бейнесі – тек  ауыз әдебиеті  мен  поэзия,

прозаның  ғана  емес,  драматургияның да өзекті  тақырыбы. Қазақтың батыр

қыздары  дегенде, әрққайсымыздың көз  алдымызға  бірден Әлия  мен  Мәншүк

келетіні белгілі.

Негізінде, қазақ  қыздарының батырлық жолы  Томирис – Тұмар анамыздан

бастау  алатыны  белгілі.  Тәуелсіздік  алған Қазақстанның драматургиясында

тарихи  бейнелер  мол-мол  сруттеле  бастаса,  соның бір  шырайын  шығарған

туынды – Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы.

Бұл  пьеса – Томирис  анамыздың  өмір  сүрген  б.э.д  503  жылдардағы  ата-

бабамыздың атамекенді қалай  сүйгенін, қалай қорғағанын, қалай  сақтағанын

суреттеген биік парасатқа жетелейтін көркем туынды. Томирис туралы Геродот

жазбаларынан  жеткен  мәлімет  парсының елдерді  бағындыруға  бет  алған  Кир

патшаның  қан  аңсаған  басын қанға  бөктіріп,  «іздеп  келгенің  қан  болса, қанып

іш!» деп, дүниені сақ қызының әлемді дүр сілкіндірген қайратты ерлігі арқылы

қайталанбайтын  бейнесін  танытады.  Томиристің осындай  ерлігі қазіргі қазақ

қызының әрқайсысының бойынан табылатыны сөзсіз.

Мұғалім  осы  пьесамен  таныстыру  барысына қазақ  қызы  туралы ән, өлең-

жыр,  тарихи  деректер,  суреттерді  тұтастыра  отырып,  Томиристің ерлігі –

ұрпақтар  санасында әлі  де  берік  орын  алып  отырғанын  түйсіктеріне  жеткізе

түсіндіргені дұрыс.

Қазақ  үшін қыз – ұлттық намыстың бір  белгісі. Қыздың пәктігі, өрлігі  мен

батырлығы – ұлттың болашағының мықты  болуының сенімді  тірегі.  Осындай

тәрбиелік  маңызы үлкен  «Томирис»  пьесасына қоса  оқушыларға өз  бетімен

Б.Жандарбековтың «Томирис», «Сақтар» дилогиясын оқуға ұсынуға болады.



29

Осы  ретте ғаламтор  арқылы  М.Әуезов  атындағы  театрдың веб-сайтын

интерактивтік  тақтаға қосып,  пьесаның мәтіні  мен  театрдағы  «Томирис»

спектаклінің қойылымын байланыстыра көрсетуді ұсынамыз. Тәрбиелік әлеуеті

өте күшті Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» спектакіленен үзінді келтіріп,

Интернеттен көрсетуге болады.

«Біздің дәуірімізге дейінгі 5030 жылдар шамасында өсір сүрген, біздің арғы

тегіміз сақтар туралы, біздің қазіргі өмір сүріп отырған жерімізді сол кездегі

ең  құдіретті қолбасшы  парсы  патшасы  Кирдің шапқыншылығынан қорғап

қалған,  жалғыз ұлынан,  күйеуінен  айрылған  сақ патшайымы – Томирис –

Тұмархан – Шұғыла туралы сіз не білесіз, көрермен?» (1 сурет).

1 сурет

Исраил  Сапарбайдың  Қазақстан  Республикасының  Әнұранының авторы

Шәмші Қалдаяқовқа  арналған  «Сыған  серенадасы»  драмасы –

тәуелсіздік

еліміздің қазақ әдебиетінің алтын қазынасына қосылған маржан туындысы (2

сурет).

2 сурет



30

Бұл  драманы  оқыту  барысында  да  мұғалім  оқушыларды  театрға  алып

баруына  немесе  веб-сайт  арқылы  театрмен  интерактивтік  байланыс  жасауына

мүмкіндіктер мол.

Қазақтың рухани  дүниесі  тарих  шаңынан  арылып,  жаңа  заманға өзінің

қуатын  беру үшін  аршылып  жатқанда,  нарықтық экономика  барлық  әлемге

билік құратын өзінің заңдарын да қазақ қоғамына ендете бастағаны белгілі.

Әлімжанұлы  Еленнің  «Тақталас»  драмасы – қазақтың материалдық дүние

мен  рухани  дүниенің арпалысына  түсіп  жатқан  психологиялық болмысы

керемет суреттелген туынды.

Осы  пьесаның мазмұнындағы  патриоттық сезімнің,  өз ұлтының болашағы

үшін  алаңдаушылықтың, туған  халқын  бірлікке,  бәтуаға  шақыруының ерекше

психологиялық портреттер  арқылы  берілуін  оқушыларға  талдап-танытып,

спектакльге 

апарып, 

мектепте 

оқушылардың

драмалық 

үйірмесін

ұйымдастырып санасына жеткізу керек.

«Тақталас»  пьесасының басталуының  өзі –

оқушылардың алға қойған

болашақ мамандығының тек «креслоға-таққа» отырумен байланысты болмауын

байқатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет