Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


-оқушы Тәуелсіз Қазақстаным



Pdf көрінісі
бет42/46
Дата22.04.2020
өлшемі1,57 Mb.
#64185
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
3-оқушы Тәуелсіз Қазақстаным

Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!

Ақ қанат таңның көрдім мен ғажап ұшқанын.

Көрдім мен сенің мөп-мөлдір айдындарыңды,




56

Алатау, Алтай, Қаратау айбындарыңды.

Ұлытауыңды көрдім мен, Шыңғыстауыңды,

Абайдың жыры оқылған мың қыстауыңды.

Гүлденді қазір кең далам, киесі қолдаған.

Махамбет сөзі лаулаған, Қараойды көрдім.

Мағжан боп зі лаулаған Дара ойды көрдім.

Мұстафа, Халел, Жақып пен Әлімхандарың

Міржақып, Ахмет, Жүсіпбек, Әлихандарың…

Бауырыңа қайта оралды өз арыстарың,

Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!

Көне ғасырлар сыр ашты, гүлге орандың.

Пырағы жетті Күлтегін, Білге Қағанның.

Рухсыз жүдеп тұр еді, жұтап даласы,

Қайта жаңғырды Отырар кітапханасы.

Түркістаным, тайқазан – құтым оралды.

Көне Таразым жинады бүкіл адамды.

Тарихтың дариялары, терең өрілді.

Арыстан баб пен Иассауи жебеді елімді.

Естілді қайта жаңғырып, көне сарындар,

Бабыр, Фараби, Қашқари, Баласағұндар.

Ұрпаққа жетті өзгермей, бәз алыстағы үн,

Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!

Құлпырды жерім, қызғалдақ нұрға кеніліп,

Ақындар өлең оқыды жырға бөленіп,

Күйшілер шертті тәтімбет, Құрманғазыдан,

Домбыра – дала шанағына тұнған қазынам.

Ынтымақ, арыс күйлерін шертіп аймағым,

Қырандай қанат қағады еркін ойларым.

Тәуелсіздіктің әншілері шырқады әуендерін,

Қазақстаным не еткен, тұлпар ел едің?

Алтын күн алытн далама құйыпты нұрын,

Желбіреп тұр, көк туым – биік тұғырым.

Оралып батыр, билерім, хандарым ойға,

Іргеміз бүтін ел болдық, тәуба Құдайға!



57

Қазақстан, Астана, өзен-көл, тау-тасым енді,

Әлемнің барлық жаңарған картасына енді.

Бостандығымның күн санап асқақтап әні,

Нұрлы болашаққа рухымыз бастап барады.

Ғаламға жайдың аспанға қазақ ұшқанын,

Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет