Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі


Апостериорлық тілдер туралы ғылыми пайымдаулар



бет21/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

Апостериорлық тілдер туралы ғылыми пайымдаулар


Апостериорлық тілдер, өз кезегінде, натуралистік болып келеді (түпнұсқа-тілдердің ережелерін бұлжытпай орындайды, мысалы,  Окцидентал мен Интерлингуадағыдай) немесе автономды (өзіндік ішкі ережелеріне ғана бағынады, мысалы, Эсперанто немесе Идо). Алайда бұл халықаралық тілдер жобасының ешқайсысы да XIX ғ. соңына дейін байланыс құралына айнала алған жоқ. 1880 ж. неміс католик діндары И.М. Шлейер волапюк тілінің жобасын жариялады (volapuk - ағылш. world speak - әлемдік тіл), ол аса танымал болып, әлемнің бірнеше елдерінен қолдау тапты. Бірақ тіл аралас априорлық-апостериорлық негізде құрылғандықтан, үйренуге өте қиын түсті, сондықтан 20 жылдан кейін волапюктік қозғалыстар толығымен құрыды. Бұдан кейін халықаралық тілдердің апостериорлық түрдегі жобалары ұсынылды, олардың ішінен бірнешеуі жүзеге асырылып, байқалды: Эсперанто (esperanto, 1887, Л. М. Заменгоф), Идиомнеутраль (Ideomneutural, 1893, В. Розенбергер), Латиносинефлексионе (Latino-sine-flexione, реформаланған латын, 1903, С. Реапо), Идо (Ido, реформаланған эсперанто, 1907-1908, L. de Beaufront және т.б.), Окциденталь (Occidental, 1922, Е. von vahl), Интерлингуа (Interlingua, 1951, A. Gode). Бұл тілдерден тек Эсперанто, Идо және Интерлингуа бірнеше ұрпақ бойына жалғасып келеді, соңғы екеуі - өте шектеулі қауымдастықтарда (шамамен 1000 адам), ал Интерлингуа көбіне ауызекі сөйлесу тілі емес, жазба тілі ретінде басым түсуде. Тәжірибе көрсеткеніндей, байланыс құралы ретінде тек апостериорлық автономды жоспарлы халықаралық тіл ғана өмір сүре алады. Эсперанто құрылымының лингвистикалық ерекшеліктерінің, мақсатты мәдени дамуының және ол тілде сөйлейтін қауымдастықтың идеялық ұйымшылығының арқасында (бірнеше миллион тіл үйренгендер мен әлемнің әр елінде миллионға жуық белсенді қолданатындар) дамыған тіл деңгейіне көтеріліп, ғаламдық ауқымда қолданылуға әзір.



  1. Тіл жүйелі құрылымдық жасалым ретінде ерекшелігі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет