Тіл біліміндегі дифференициация мен интеграция процесі және оның тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі


Лексикалық семантика және семантикалық валенттілік



бет74/89
Дата26.08.2020
өлшемі269,31 Kb.
#76968
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89
Байланысты:
жтб 401 удачи

50. Лексикалық семантика және семантикалық валенттілік


Семантиканың тіл білімінің дербес саласы, жеке ғылыми пән ретінде қалыптасуы француз ғалымы М. Бреаль есімімен байланысты. Ғалым «семантика» терминін 1897 жылы өз еңбегінде пайдаланып, ғылыми айналымға енгізеді. Ал неміс және орыс тіл білімінде осы ұғымның синонимі ретінде «семасиология» термині қолданылды. Ғылыми зерттеулерде «семасиология» семантиканың бір аспектісі ретінде түсіндіріледі.

Семантика мен семасиология ұғымдарының айырмашылығы семантиканың жеке ілім, сала, ал семасиологияның сол саланың бір аспектісі ретінде қарастырылуымен анықталады.

Семантиканың ең негізгі категориясы – мағына.Сөз мағынасы және мағына түрлерінің даму заңдылықтары семантика саласында зерттеледі. Сондықтан лексикалық семантикасемантика ілімінің басты саласы болып табылады.

Лексикалық семантикада сөздің лексикалық мағынасы семасиологиялық және ономасиологиялық аспектілерде қарастырылып, семасиологиялық аспектіде таңбадан мағынаға, ал ономасиологиялық аспектіде мағынадан таңбаға қарай бағыты негізге алынады. Бұл туралы Л.А. Новиков «Лингвистикалық семантика табиғи тіл бірліктерінің, яғни морфема, сөз, сөз тіркесі, фразеологиялық бірліктер мен сөйлемдердің мағыналарын қарастырады. Мұндай бірліктер грамматикалық және лексикалық қасиеттері жағынан да семантикалық талдау нысаны бола алады» деп жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет