114
5. Өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайларды ата. /ауа, су,
жылу, жарық, қоректік заттар/
6.Үш арсызды ата? /ұйқы, тамақ, күлкі/
7. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері кім? /Құрмаш/
8. Дегелең үстінде жарылған не нәрсе? /ядролық атом
бомба/
9. Сөйлем мүшелерін ата /бастауыш, баяндауыш,
толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш/
10. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? /4/
3 айналым.
«Кім жылдам?». Топтарға қазақ әліппесінен кез-
келген бір әріп беріледі. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол
әріптен басталатын бір сөз ойлау, ке-лесі сөз сол сөздің соңғы
дыбысымен басталуы керек. Келесі сөздер осы заңдылық-пен
жалғасады. Адам аттары мен жер-су, қала атаулары есепке
алынбайды. Нәтижесінде барынша көп сөз жазған топ сонша
ұпай алады.
4 айналым.
«Математик» деп аталады.
Топтар кезекпен 1 минутқа созылатын математикалық
ойын
ойнайды.
Топтың
мақсаты-1
минуттың
ішінде
математикалық амалдарды барынша дұрыс шешу. Әр мате-
матикалық амалдарды дұрыс шешкен топқа 5 ұпайдан қосылады.
5 айналым.
«Ұшқыр ой» деп аталады. Балмұздақ.
Екі топқа ортақ бір сөз беріледі. 1 минуттың ішінде сол
сөздің құрамындағы әріптерден жаңа сөз құрау керек. Әр құраған
сөзге 5 ұпайдан қосылады.
6 айналым.
«Құпия кітапша» деп аталады.
Бұл сайыста мен жұмбақ жасырамын. Әр топқа бес
жұмбақ беріледі. Жауабын үш тілде айту керек. Үш тілді де айтса
10 ұпай, екі тілде айтса 5 ұпай, бір тілде айтса 2 ұпай беріледі.
1-топ.
1.Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал. /алма-яблоко- apple/
2. Мұртымен туады,
Мұртын күнде жуады. /мысық-кошка-cat/
3. Жаны жоқ болса да,
Ақылды адамның ісін істейді. /кітап-книга-book/
4.Тілі жоқ, өзінде, сөзі бар ізінде. /қалам-ручка-pen/
5. Қыста
жерді басады,
Жазда сайға қашады. /қар-снег-snow/
115
2-топ.
1.Жеті қазынаның бірі,
Адамды қорғап жүреді. /ит-собака-dog/
2. Біліміңнің күшімен
Басым болса білімің,
Бұл найзаның ұшымен
Шешесің ой түйінін. /қалам-ручка-pen/
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз кімің болсын? /дос-друг-friend/
4. Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады. /қоңырау-звонок-bell/
5. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем. /кітап-книга-book/
7 айналым.
«Жорға» 10 сұрақ қойылады. Неше сұраққа
жауап беріледі, сонша ұпай жинайды.
1-топ.
1.Жылдан құр қалған жануар. /түйе/
2.ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл? /қазақ тілі/
3.Басты байлық. /денсаулық/
4.Қара алтын. /мұнай/
5. Ұя салмайтын құс. /көкек/
6. 12 айда неше жыл бар? /1 жыл/
7.Абайдың әжесі кім? /Зере/
8. Адам денесінің тірегі не? /қаңқа/
9. Күйді орындаушы кім? /күйші/
10. Жүннен жасалатын бұйым. /киіз/
2-топ.
1.Жыл басы не? /тышқан/
2. Ақ алтын не? /мақта/
3. Абайдың анасы кім? /Ұлжан/
4. Бейбітшілік құсы. /көгершін/
5. Ең жақын адам. /ана/
6. Қыста жейтін малдың еті. /соғым/
7. Футболшы алаңдағы ойын, заты. /доп/
8. Балаларға білім беретін маман иесі. /мұғалім/
9. Екі ақынның сөз өнері. /айтыс/
10. Көне заттарды сақтайтын орын. /мұражай/
116
Қорытынды.
Әділ қазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау.
Марапаттау.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл сайыстан өтеді ғұлама ойлар.
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып дей отырып бүгінгі
сайысымыз аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: