76
-
жаныңда
жүрген
жақын
адамдарға
деген
сүйіспеншіліктерін дамыту;
- жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Релаксация: «Алақандағы гүл»
«Елестетіңіздер, жасыл алқапты көгал, шуағын төккен күн,
сылдырап су ағып, құстар ән салып жатыр. Кішкентай, сүйкімді,
аңқау және өте бақытты бала келе жатыр, ол қайғы, сенімсіздік,
нашар көңіл-күй дегеннің не екенін білмейді. Бұл сіздің бала
кезіңіз, өзіңізді таныдыңыз ба? Бала сізге қолын созады, ол
сондай сенгіш және мейірімді, және сіз де оған дәл солай жауап
бересіз. Өмірдің барлық қиындықтарын ұмытып, қуанып,
шаттанып, өзіңді сенімді және бақытты сезінгің келеді. Сіз
баланы қолыңызға алдыңыз, ал ол сіздің алақаныңызда гүлге
айналып бара жатыр, қандай тамаша, балалықтың гүлі, және де
сіз оны өзіңізбен бірге өмір бойы алып жүресіз. Біреуде ол
жүрегінің түкпірінде, ал біреулер оны түсінде жиі көреді, ал енді
бірінде бұл қарапайым, елеусіз, көзге түспейтін гүл, ал
біреулерде ашық, есте қаларлықтай. Олардың барлықтары да
жақсы, біздің балалық шағымыздың гүлдері. Егер сізге қиын
болса, сіз қандай да бір сұрақтарға жауап таба алмай жүрсеңіз,
алақаныңызда сізге балалық шақтың гүлін сыйлаған баланы еске
түсіріңіз, және де бұл сізге өзіңізді кішкентай аңқау, бақытты
бала сезінуіңізге көмектеседі деп сенемін, ал ол өзіңді қалай
бақытты сезіну керектігін айтады. Көздеріңізді ашыңыздар.
Қайтатын уақыт та болды».
Рефлексия: Студенттерден релаксациядан алған әсерлері
туралы айтып беруін сұрау
Достарыңызбен бөлісу: