1.28-сурет. Сарымсақ тәрізді құрылымның сызбанұсқалық кескіні (г2-г1 = г3-г2 =... =гn-гn-1 ≈ 0,335 нм)
Фуллерендерден кейінгі ғалымдар назарын аударған қосылыстардың бірі - гетерофуллерендер - кейбір көміртегі атомдары алмастырылған сфералық түзілімдер. Гетерофуллерендерге мысал ретінде С59В2(С59N)2 (1.29-сурет), С58В2 С 58ВN,С 69 В, С69 МNжәне т.б. қарастыруға болады.
1.29-сурет. С.М гетерофуллерені
Сонымен катар, фуллерендер тәрізді аталған фуллерндерге сәйкес келмейтін фуллероидтар да белгілі. Олар «классикалық» фуллерен қаңқасына қосымша атомдарды енгізу, қаңқадан атомдарды үзу немесе қаңқа байланыстарын үзу арқылы алынады.
С-С байланыстарын метилен тобымен алмастырған кезде гомофуллерендер (1.30-сурет), ал С атомын байланысты сақтай отырып, жою арқылы норфуллерендер түзіледі.
Гидростатикалық қысым, фотохимиялық қоздыру және кейбір басқа факторлар әсерінен фуллерендер ковалентті байланыс түзіп полимерленеді. Бүгінде (С60)2, (1.31-сурет), (С70)2, С60 * С70 димерлері, (С60) тримері, С60және С70, тізбекті және каркасты полимерлері белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |