Аристотель және оның философиялық жүйесі. Аристотель (384-322 б.з.д.) - көне заманның ең ұлы философы, заманының ең дарынды, жан жақты білімі бар тұлға болған. Аристотель сонымен бірге өз заманының ұлы қолбасшысы, үлкен Империя жасаушы Александр Македонскийдің оқытушысы ретінде де тарихта аты қалған.
Аристотельдің тағы да жасаған бір үлкен жұмысы – ол Афина қаласында даңқы бүкіл Дүниеге әйгілі мектеп – Ликейді ашады (қазіргі лицейлердің аты содан шыққан). Мектептің жанында үлкен бақ болған, онда адамдар серуендейтін үсті жабық жолдар болған, оларды грекше “перипатос² дейді. Тарихта Аристотельдің философиясын қолдай әрі қарай жалғастырған мектепті перипатетиктер дейді.
Аристотель жан-жақты терең білімді тұлға болғаннан кейін оның мұрасын ғалымдар бірнеше топқа бөледі.
Логикалық еңбектері (негізгі кітап “Органон², “Категориялар² т.с.с.
Табиғат философиясына арналған еңбектері “Физика² 8 кітап, “Аспан жайлы² 4 кітап, “Аспандағы құбылыстар жайлы² т.с.с.
Жан-дүние философиясына арналған: “Жан-дүние жөнінде², “Өмір мен өлім туралы², “Тыныс алу туралы² т.с.с.
Тіршілік философиясына арналған: “Жануарлардың дене мүшелері жайлы², “Жануарлардың дүниеге келуі жайлы²
Бірінші физика 14 кітаптан тұратын. Соңынан “Метафизика² деген атаққа ие болды.
Моральдық философияға арналған “Никомахтың этикасы², “үлкен этика².
Саясат пен экономикаға арналған “Саясат², “Экономика², “Афинаның саяси өмірі².
Көркем сөйлеу мен көркем сөзге арналған: “Риторика өнері², “Өлең сөз жөнінде².