Мазмұны: Қатысушылар дөңгелене отырып, көздерін жұмады. «Қазір мына қорапты бір-біріңе кезекпен жалғастыру керек. Қорапты алған адам көзін ашып, қораптың ішін қарайды, оның ішінде әлдебір керемет көл бар, сол көлдің ішінде жер бетінде , ең тамаша адамды көресіздер. Оған күлімсіреп қарау қажет.
Мақсаты: Бұл ойын сатушы жұмысында сезімдік рөлін түсінуге, әртүрлі сезімдерді көрсете білуге жаттықтыру.
Жүру барысы:Қатысушылар екі топқа бөлінеді, біреуі дөңгеленіп тұрады, қалғандары бақылаушының рөлінде болады. Дөңгеленіп тұрғандар эмоцияларды көрсетеді, бұл үшін эмоциялар жазылған карточка беріледі. Немесе бұған қоса мынадай ситуацияны көрсетуге болады: поезд купесі, бірнеше уақыттан кейін отырғандардың барлығы сатушы екені анықталады. Әңгіме барысында әрбіреуінің өзінің жұмысқа деген сезімдерін білдіреді. Әңгімеге 10-15 минут уақыт беріледі, эмоциялардың түрлері айтылмайды. Осыдан кейін бақылаудағы адамдардың қандай сезімді бейнелегенін айтады. Талқылау кезінде сезімдерді көрсете білуіне көңіл бөлінеді.