5 .Қазақ мемлекеті құрылуының тарихи маңызы:
Қазақ халқынының қалыптасуында негізгі этникалық арқауы – сақ, үйсін, қаңлы т.б. түрік тілдес тайпалар мыңдаған ауыртпалықты басынан өткерді.
1.Әр халықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген, ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды.Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке, тәуелсіз ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рол атқарды.
2.Қалыптасқан ұлтты басқару, оны сыртқы жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды.
3.Бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жерелерді кеңейтті.
4.Өзін қорғап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттер мен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты.
5.Әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.
6 .Шаруашылығы: Мал шаруашылығы, егіншілік және қолөнермен айналысты.
7 .Мәдениеті: Сырдария бойындағы егіншілігі мен қолөнері дамыған аудандарда сауда-саттық дамып, оған Дешті Қыпшақ шаруалары да ынталы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |