«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


 Андрей Павлович Зенков – жер сілкінісіне төзімді құрылыс негізін қалаушы



бет19/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

38. Андрей Павлович Зенков – жер сілкінісіне төзімді құрылыс негізін қалаушы


Андрей Павлович Зенков(1.12.1863, Ресей, Түмен қаласы – 1.8.1936, Қазақстан, Алматы) – сәулетші, құрылыс инженері. Санкт-Петербургтегі Николаев инжинериялық академиясын (қазіргі Санкт-Петербург архитектура-құрылыс университеті) бітірген (1893). 1898 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Верный қаласына (қазіргі Алматы) қоныстанған. 1907 – 17 жылдары Жетісу облысыинжинерия басқармада жұмыс істеді. Жер сілкінісіне төтеп беретін ағаш үйлер салумен, жер сілкінісіне төзімді құрылыстар жобасын жасаумен шұғылданды. Зенковтың жобасымен салынған үйлер: Верный әйелдер гимназиясы (1904 жылы, қазіргі Алматы мемлекеттік университетінің көркемсурет-графика факультетінің корпусы), Кафедральдық собор (1907), Верный әскери мәжіліс үйі (1908 жылы, қазіргі Қазақ халық музыкалық аспаптар музейі), Верный сауда үйі (1912 жылы, қазіргі “Қызыл таң” мата үйі), т.б. Кеңес өкіметі жылдары Зенков Алматыны қайта салуға қатысты. 1927 жылдан губерниялық инженер, одан кейін Қазақстанның Халық комиссарлары кеңесі жанындағы Құрылысқа бақылау жасау басқармасының бастығы болды. Ресей мен Түркістанның бірсыпыра ғылыми қоғамдары мен қоғамдық ұйымдарына мүше болды, баспасөз бетінде тарихи және этнографиялық материалдар жариялады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет