Мұқағали Мақатаевтың әдеби - ескерткіш мұражайы 1991 жылы қыркүйекте Қазақ КСР Министрлер кабинетінің 544 қаулысымен Ұ. Қарамановтың қол қоюымен ашылды. Бүкілодақтық байқауда «Алтын медаль» жүлдесін жеңіп алған С. Фазылов пен Б. Кәрімовтың жасаған мұражай жобасы таңдап алынып, 60 жылдық мерейтойында лентасы ілінді. Аудандық партия комитетінің Бірінші хатшысы Б. Сабаншиев мұражай қадасын қақты. Аудан әкімі Қаһарман Мұхтарұлы Күдер ол кезде құрылыс жұмысын басқарып, бас маман ретінде адал тер төгіп, қызмет жасады. Колхоз бастығы Тұрсын Шорманов пен селолық Совет төрағасы Ж. Өтеевтер де өз үлесін қосты. Мұражай халыққа қызмет етіп, елдің, жердің рухани демеушісі, жас ұрпақтың жебеушісі болып келеді.
Мұражайдың алдына 1991 жылы Какимов Қадыржан мен Алжар Мүсірепованың көркемдеуімен, ақынның кеудесінен кескінделген тас мүсіні бейнеленіп қойылды.Қарасаз ауылындағы М. Мақатаевтың әдеби- мемориалды мұражайы 1991 жылы 4 шілдеде ашылған. Мұражайда 734 экспонат бар, негізгі қоры 548, қосымша қоры -186. Негізгі қорда М. Мақатаевтың өзі пайдаланған кітаптар, өлеңдерінің қолжазбалары, насыбай шақшасы, шахмат тастары мен тақтасы, жеке гигиеналық заттары, өзі киген киімдері, портфелі, папкасы, т.б. заттары сақтаулы.2011 жылы ақынның әдеби-мемориалды мұражайына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді Барлығы 177 млн. теңге бөлініп, қосымша конференц зал салынған. Музей кеңселік жиһаздар мен жаңа технологиялық аудио-бейне, дыбыс-жарық құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Мүражай директоры – Өтеев Жұмаш, жоғарғы білімді, журналист, мұқағалитанушы. Мұражайда 6 қызметкер жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |