Demi rond de jambe par terre – жерде аяқпен шеңбер жасау. Икемділікті, қозғалғыштықты және жамбас-сан буындарының күшін дамытады. Battement tenduдегі тіке бағыттарды үйренгеннен кейін шеңберлі, доға тәрізді қозғалыстарды жасауға көшуге болады.
Жаттығу. Музыкалық өлшем-4/4. Жылдамдық-баяу. Бастапқы қалып - станокқа қарап тұрған сәттегі аяқтың I позициясы.
«Бір және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ battement tenduдің қағидасы бойынша алға қарай созылады;
«Екі және» дегенде аяқтың ұшы еденмен сырғып, жұмыс істеп тұрған аяқтың өкшесі тірек аяғының өкшесіне қарама-қарсы тұратындай болып II позицияға дейін доға жасайды;
«Үш және» дегенде жұмыс істеп тұрған аяқ battement tendu жағдайымен жаттығуды I позицияда аяқтайды;
«Төрт және» дегенде осы позиция бекітіледі.
Жаттығуды аяқты бір мезетте en dehorsмен (сыртқа қарай), әсіресе жамбас-сан буынында бұру арқылы дұрыс доға тәрізді қозғалыс дағдысы бекітілгенше сабақтан сабаққа дейін қайталау қажет. Қозғалысты жұмыс істеп тұрған аяқты II позиция жаққа шығарып және доға бойынша артқа әкеліп (өкше өкшеге қарсы) жалғастыра беруге болады. Содан кейін аяқ I позициядан артқа шығарылады және доға бойынша шетке бұрылады. Ronds de jambe орындаудың қиындығы сонда- сыртқы сурет (едендегі доға) бүкіл аяқтың жамбас-сан буынында ішкі бұрылысымен үйлесім тауып сыртқа бұрылуы- en dehors.
Allegro (секіру)
Секірулерді оқып үйренуге кіріспестен бұрын оқу процесіне позицияларды дәл орындауды талап етпейтін трамплиндік секірулерді енгізу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |