Қабылдаушыға қатысты қателік. Бізге жақсы қарайтын адамдар жаман қарайтындарға қарағанда жоғары бағаланады. Психологтар осы сұрақтарға байланысты басқа адамдардың пікірлерін салыстырып көрді. Нәтижесінде бөтен адамның пікірі өзінікіне жақын болса ол адам жоғары бағаланады.
Адамның жұмыс істеу белгілерін қабылдау Егер адамды физикалық қабылдау оның жеке өзіне қатысты болса, жұмыс істеу белгілерін қабылдау оның ниетіне байланысты. Функционалды белгілеріне дауыс, көзқарас бағыты, мимика, пантомимика, проксемика жатады.
Дауыс көрік құраушыларының бірі саналып, адамның ортаға қалдырған әсерәне әсер етеді. Әр адам дауысының өзіне тән ырғағы болады: айтылудың үзікті немесе толқынды түрі, көп немесе аз әуендік.
Дауыстан көрі жеке қатынастардан ақпаратты көп алуға болады. Адамның көзқарасы белгілі бір бағытта қозғалады – жоғары, төмен, жан жаққа. Көптеен адамдардың көзқарасы ақпаратты өңдеудің арнайы типіне жатады.:
Көзді оңға және жоғары қозғау – көзбен еске түсіру. Бұл дегеніміз адам бұрын көрген ақпаратты ойша елестетеді. Осы әрекет кезінде мидың оң жақ жартыбөлігі белсенділік танытады.
Көзді жоғары қозғау – көзбен құрастыру. Адам ешқашан көрмеген затының бейнесін ойша құрастырады.
Көзді сол жаққа бұру – есту арқылы еске сақтау. Адам бұрын естіген затын есіне ойша түсіреді.
Көзді оң жаққа бұру – есту арқылы құрастыру. Адам бұрын естімеген дыбыстарды естуге тырысады.
Көзді солға төмен қозғау – дыбыстық тұйықталу. Адам өз өзімен сөйлесуге тырысады.
Көзді оңға төмен қозғау – кинестетикалық елестету. Адам ойша эмоциялы түрде секіргенін, құлағанын, жүгіргенін,ұшқанын елестете алады.
Көзді төмен қозғау – кинестетикалық еске түсіру. Адам өз дене мүшелеріне қарап қайда, не істегенін есіне түсіреді.
В. А. Лабунская адам көзқарасының келесі мимикалық ерекшелігін ұсынады:
Бақырайған көздер, нормасынан көп ашылған көздер. Көздің кең ашылуы ол өзі қабылдай алғаннан да көп ақпаратты алғысы келетіндігімен түсіндіріледі. Бақырайған көзбен бірге ашылған ауыз да жиі байқалады бұндай жағдайда. Бұл поза ештеңені жібермеуге тырысатындықты аңғартады.
Толық ашылған көздер ортақ қызығушылық пен ашық табиғатты, сезімге толы қабылдаушылықты сипаттайды. Толық ашылған көздер және ақыл өнімділігін де сипаттайды.
Ашық көздер оптимистік қабылдауды сипаттайды. Ашық көздер ішкі дүниенің қызығушылығын сипаттайды.
Тұманданған көздер. Егер үстіңгі қабақ еш қиындықсыз ашық болып, көздің жарты бөлігін жапса,тұманданған көз деп аталады. Ол адамның немқұрайдығын, эмоциалы әлсіздігін көрсетеді.
Жартылай ашық көздер. Көз тесігінің қысылғандығы мен сипатталады. Бұл тұманданған көз бен сығырайған көз арасындағы шкала. Бұл жағдай ақыл үрдістерімен түсіндіріледі.
Сығырайған көз. Бұл жағдай ауырсыну белгілерін, мысалы көздің шаршауын, жарықтың әсерін көрсетеді. Сонымен қатар сығырайған көздер дискомфортты, ауырсынуларды сипаттайды.
Бір көзді сығырайту. Бір нәрсені біреумен құпия түсіндірумен сипатталады. Егер көзді сығырайту аз болса онда еркелікті көрсетеді.
Қиындықсыз жабылған көздер. Ұйқы кезінде немесе ешқандай әсерді қабылдағысы келмегенде көзді осылай жабады. Кім көзін жапса ол өзін мазаламағанды қалайды.
Қабақ қозғалысы. Қабақ қозғалысы шкаласы кең көлемді ақпаратты береді. Ер адамдар қабақ қозғалысы арқылы әйел адамдарға қарағанда көп белгі береді. Бұл көздің әсер етуші басты фактор болып саналатынымен түсіндіріледі.
Жыпылықтау. Басқа физикалық денеге қарсыласумен,ұялшақтықпен, сенімсіздікпен, кінәлі болумен сипатталады.
Тура қарау көз байланысын орнатуға қажет. Бұл адам қатынастарында қызығушылық пен құрметпен сипатталады.
Жоғарыдан төмен қарау әңгімесушілердің бойының айырмашылығы мен олардың позаларының әртүрлігімен сипатталады. Және бұл көзқарас тәкаппарлықтан туындауы мүмкін.Қисық көзқарас әртүрлі болу мүмкін. Ол тәкаппарлық, жек көрушілікпен қатар, адамға жағуды да көрсетеді.
Адасқан көзқарас бәріне бірдей қызығушылықты немесе жоғалған затты іздеуде көрінеді. Нақтыланған көзқарас әңгімелесуші адамнан өзін жоғары сезініп күшін көрсетумен сипатталады.