Тапсырма № 16. Босану әрекетінің аномалиясы
Бастапқы тест сұрақтарының жауаптары
Иә
Иә
Жоқ
Иә
Жоқ
Жоқ
Жоқ
Иә
Жоқ
Иә
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 16. Босану әрекетінің ауытқулары
Қорытынды тест сұрақтары
1. Босану әрекетін сипаттайтын жалпы көрсеткіштері қандай:
А) ұрық басының қондырылуы
Б) жатыр ернеуінің ашылу жылдамдығы
В) қағанағ суының кету уақыты
Г) шырышты тығынның кетуі
Д) босану ұзақтығы
2. Патологиялық прелиминарлы кезеңдегі толғақтардың сипаты қандай:
А) қалыпты емес, 3 сағат бойы аздап ауырады, жатыр мойнының жайылуына және ашылуына әкелмейді
Б) қалыпты емес, 24 сағат бойы аздап ауырады, жатыр мойнының жайылуына және ашылуына әкелмейді
В) қалыпты, әлсіз, 4 сағат бойы әжептеуір ауырады, жатыр мойнының жайылуына және ашылуына әкеледі
Г) қалыпты емес, 6 сағат бойы аздап ауырады, жатыр мойнының жайылуына және ашылуына әкелмейді
Д) қалыпты емес, 6 сағат бойы әжептеуір ауырады, жатыр мойнының жайылуына және ашылуына әкелмейді
3. Алғаш рет босанушы әйелдің босану уақыты неше сағаттан кем болса, онда ол «ұмтылмалы-жедел» деп аталады
А) 4 сағат
Б) 5 сағат
В) 6 сағат
Г) 7 сағат
Д) 8 сағат
4. Қайта босанушы әйелдің босану уақыты неше сағаттан кем болса, онда ол тез деп аталады
А) 8 сағат
Б) 7 сағат
В) 6 сағат
Г) 4 сағат
Д) 2 сағат
5. Аса күті босану әрекетінің емінде қолданған дұрыс:
А) спазмолитиктерді
Б) медикаментозды ұйқыны
В) бета-адреномиметиктерді
Г) перидуралды анестезияны
Д) психопрофилактикалық әңгіме жүргізу
6. Босану әрекетінің аномалиясының қай түрі мына партограммада (1-суретте) II санымен белгіленген:
А) патологиялық прелиминарлы кезең
Б) босанудың I кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі
В) босанудың I кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі
Г) босанудың II кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі
Д) босанудың II кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі
7. Босану әрекетінің аномалиясының қай түрі мына партограммада (1-суретте) III санымен белгіленген:
А) патологиялық прелиминарлы кезең
Б) босанудың I кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі
В) босанудың I кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі
Г) босанудың II кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі
Д) босанудың II кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі
8. Екіншілік босану әлсіздігі, жедел құрсақ ішілік ұрық гипоксиясында және ұрық басының жамбас түбінде орналасуында дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:
А) босануды ынталандыруды бастау
Б) босану әрекетін қоздыру
В) кесарев тілігі операциясын жасау
Г) акушерлік қысқыш салу
Д) құрсақ ішілік ұрық гипоксиясын емдеуді бастау
9. Біріншілік босану әлсіздігі бар босанушы әйел шаршамаса және қағанақ суы бүтін болса, дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:
А) окситоцин енгңзу
Б) амниотомия жасау
В) перидуральды анестезия жасау
Г) кесар тілігі операциясын жасау
Д) амниотомия жасаған соң, утеротониктерді енгізу
10. Қайта босанушы әйелдің мезгілі жеткен жүктілігінде 3 сағаттан соң күшенуі басталды, P.V: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ суы жоқ. Диагнозыңыз:
А) ұмтылмалы-жедел босану, босанудың II кезеңі
Б) дискоординациялық босану әрекеті, босанудың I кезеңі
В) босану әлсіздігі, босанудың II кезеңі
Г) тез босану, босанудың II кезеңі
Д) уақытымен босану, босанудың I кезеңі
№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 16. Босану әрекетінің аномалиясы
Қорытынды тест сұрақтарының жауаптары
Б
Д
А
Г
В
Б
В
Г
Б
Г
Достарыңызбен бөлісу: |