БЛОК № 5. Босану патологиясы
Тапсырма №18. Нәрестенің жамбаспен орналасуы
Қорытынды тест сұрақтарының жауаптары
А
В
А
Б
А
Д
А
Б
А
Г
Тапсырма № 19
1. Тақырып: Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі қан ағу.
2. Пән мақсаты:
● Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі қан ағудың негізгі себептерін анықтау
Босанушы әйелдің жағдайын, қан шығынын, жатыр жағдайын бағалауды үйрену (пішінін, тонусын, ауыру сезімін).
Қан ағуды анықтауды және күттірмейтін көмек көрсетуді үйрету.
3. Пәннің міндеттері:
Қан ағу бойынша қауіпті топты бөліп алу.
Акушерлік қан ағуды болжау үшін жүкті, босанушы әйелдің босану тарихын анализдеуді үйрену
Босанудан кейінгі ерте және III кезеңінде шекаралық және патологиялық қан шығынын студентке есептеуге үйрету.
Қан ағуды анықтауды және күттірмейтін көмек көрсетуді студентке үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
● Бала жолдасы кезеңінің патологиясы
● Босанудан кейінгі кезеңінің патологиясы
● Қан ағу бойынша жүкті әйелдерді тексерудің жалпы негіздері
● Босанудан кейінгі ерте және III кезеңінде қан ағу кезіндегі жасалатын шаралардың кезектілігі
5. Оқыту және оқу әдістері:
Бастапқы білім деңгейін тест, сұрау, тесттерге жауап беру кезіндегі қателерді талдау арқылы тексеру.
Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңінде қан ағу бойынша қауіпті топтағы босанатын әйелдермен жұмыс жасау. Студенттер өзіндік жұмыс барысында жинаған анамнез, жалпы тексеру кезінде жинаған мәліметтерді оқытушыға айтып береді, қорытындысын талқылайды.
Егер босану үйінде бұндай патологиясы бар науқастар жоқ болса, студенттер босану тарихынан шығару қағазын алып, диагнозды негіздеп, босану жоспарын құрады.
Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңінде қан ағуда дәрігер іс-әрекетіне талдау жасау.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің акушерия және неонатология бойынша негізгі клиникалық протоколдары мен бұйрықтарымен оқытушы студенттерді таныстырады
6. Әдебиет:
Орыс тілінде
Негізгі:
1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
3. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.
дополнительная:
1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.
●Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.
Қазақ тілінде
негізгі:
1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.
2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж
қосымша:
1. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.
Қосымша:
Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.
Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР.-М, 1997.
Қорытынды (сұрақтар, тесттер, есептер)
Сұрақтар.
1. Босанудан кейінгі кезеңдегі қан ағу себептері
2. Бала жолдасының қатты бекінуінің және өсіп кетуінің этиологиясы
3. Босанудан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу себептері
4. Гипотониялық қан кетудің этиологиясы мен патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі.
5. Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі емдік-диагностикалық шаралардың кезектілігі
6. Босанудың III кезеңіндегі қан ағудың алдын алу шаралары.
7. Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі жасалатын шаралардың кезектілігі қандай?
8. Босанудың III кезеңін активті жүргізу
9. Босанудың III кезеңін консервативті жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |