Учебно методический


БЛОК №5. Босану патологиясы



бет120/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

БЛОК №5. Босану патологиясы

20 Сабақ. Акушерлік жарақат


Бастапқы білім деңгейінің тесттерінің жауаптары





  1. Иә

  2. Жоқ

  3. Иә

  4. Иә

  5. Иә

  6. Иә

  7. Жоқ

  8. Иә

  9. Иә

  10. Иә



БЛОК №5. Босану патологиясы

20 Сабақ. Акушерлік жарақат


Қорытынды білім деңгейінің тесттері


1. Ірі нәрестені босанған әйелде босану жолдарын айнамен қарау кезінде жатыр мойнының 3см-ге дейін, бірақ қынап күмбезіне жетпей жыртылуы байқалды. Диагноз қойыңыз:


А) жатыр мойнының жыртылуы, І дәрежесі
Б) жатыр мойнының жыртылуы, ІІ дәрежесі
В) жатыр мойнының жыртылуы, III дәрежесі
Г) жатыр мойнының жыртылуы, IV дәрежесі
Д) жатыр мойнының жыртылуы, V дәрежесі

2. Салмағы 4300,0 грамм нәресте босанған әйелде жатыр мойнын айнамен қарағанда жатыр мойнында қынап күмбезіне дейін жеткен қанталаған жыртылу байқалды. Диагноз қойыңыз:


А) жатыр мойнының жыртылуы, I дәрежесі
Б) жатыр мойнының жыртылуы, II дәрежесі
В) жатыр мойнының жыртылуы, III дәрежесі
Г) жатыр мойнының жыртылуы, IV дәрежесі
Д) жатыр мойнының жыртылуы, V дәрежесі

3. Ірі нәресте босанған әйелде қасаға буынының ажырауы диагностикаланды. Дәрігерлік тактика:


А) қасаға сүйегінің буындасуын операциялық жолмен қосу, сосын травматологта емделу
Б) төсектік тәртіп, жамбасты тығыз дәкемен байлау, травматологта емделу (ортопедиялық гамак)
В) жартылай төсектік тәртіп, жамбасты тығыз дәкемен байлау, травматологта емделу (ортопедиялық гамак)
Г) дәрілік ем: аурусыздандыратын препараттар, кальций препараты, витаминдер
Д) жамбасты тығыз дәкемен байлау, травматологта емделу (ортопедиялық гамак)

4.Босанудың бірінші кезеңінде жыныс жолдарынан қан ағуға алып келетін жиі себептер болып табылады:


А) жатыр мойнының жыртылуы
Б) жатырдың жыртылуы
В) босану әрекетінің әлсіздігі
Г) қынаптың жыртылуы
Д) аралықтың жыртылуы

5. Босанғаннан кейінгі жыланкөздің пайда болу себебі:


А) жатыр мойыны мен қынаптың жыртылуы
Б) шапшаң және қарқынды босану
В) кіші жамбастың бір жазықтығында нәресте басының ұзақ тұруы
Г) қуық пен тік ішекті уақытынан бұрын босату
Д) жүктілік кезінде ұзақ уақыт кольпит болса

6. Аралықтын жыртылуының III дәрежесін тігуде аурусыздандырудың қандай тәсілі қолданылады:


А)жергілікті инфильтрациялық анестезия
Б) спиналды анестезия
В) перидуралды анестезия
Г) инемен емдеу
Д) жалпы наркоз

7. Ортаңғы сызық бойымен аралықты кесу аталады:


А) эпизиотомия
Б) перинеотомия
В) лапаротомия
Г) амниотомия
Д) симфизиотомия

8.Қайта босанушы жүкті әйел мерзімі жеткен жүктілікпен босану әрекеті басталғанына 2 сағат болғанда келіп түсті. Бірінші жүктілігі кесар тілігімен аяқталған. Операциядан кейінгі кезең тігістің іріндеуімен асқынды. Тері жабындылары бозғылт, пульс 110 рет минутына. АҚҚ 100/80 мм.с.б.б. Ішін пальпациялаған кезде жатыр контуры анық емес, қасаға үстінде аурушылдық байқалады, құрсақтың сол жақ бүйірінде нәрестенің ұсақ мүшелері анықталады. Нәрестенің жүрек соғысы естілмейді.


PV: жатыр мойыны жайылған, жатыр ернеуінің ашылу 2 см, қағанақ қуығы бүтін, нәресте басы кіші жамбас кіреберісіне бекітілген. Диагноз қойыңыз:
А) Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңінің әлсіздігі. Нәрестенің интранаталдық өлімі
Б) Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі. Жатырдың тігіс бойымен жыртылуы. Нәрестенің интранаталдық өлімі.
В) Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Жатырдың тігіс бойымен жыртылуы. Нәрестенің интранаталдық өлімі.
Г) Мерзімі жеткен жүктілік. Жатырдың тігіс бойымен жыртылуы. Нәрестенің интранаталдық өлімі.

9. Қалыпқа келмеген жатыр мойнының жыртылуы алып келеді:


А) цервикалды каналдың полипына
Б) қайталанып отыратын кольпитке
В) истмика-цервикалды жетіспеушілікке
Г) жатыр мойының полипына
Д) бартолин бездерінің кистасына

10. Жатырдың жыртылуының гистопатикалық себептеріне жатады:


А) тар жамбас
Б) бастың асинклитикалық бекуі
В) ірі нәресте
Г) нәрестенің көлденең жатуы
Д) жатыр тыртығы
БЛОК №5.Босану патологиясы

№ 20 сабақ. Акушерлік жарақаттар


Қорытынды білім деңгейінің тесттерінің жауаптары



  1. Б

  2. В

  3. Б

  4. А

  5. В

  6. Д

  7. Б

  8. В

  9. В

  10. Д





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет