Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


ХVІІІ ғ. бірінші жартысындағы Ресей



Pdf көрінісі
бет199/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

1.10.5. ХVІІІ ғ. бірінші жартысындағы Ресей 
империясының сәулеті Петр дәуірінің сәулеті
ХVІІ ғ. соңы – ХVІІІ ғ. басында Ресей тарихы мен мәдениетінде 
жаңа кезең басталады. Мәскеу мемлекеті қуатты Ресей империясына 
айналады. Бұл кезең шартты түрде «Петр бароккосы» деп аталады, 
дегенмен, бұл кезеңнің орыс сәулетшілері бароккоға ғана емес, со-
нымен қатар ренессанс мұраларына да және осы уақытта Францияда 
пайда болған классицизм пішіндеріне де қарады.
Азаматтық құрылысқа ерекше мән беріледі. Өнеркәсіптік және 
фортификациялық имаратта, қоғамдық және үкімет ғимараттары, 
қала сарайлары мен қала сыртындағы резиденциялар, Ресейдің алыс 
шекараларында жаңа қамал-қалалар пайда болады.
Сәулетті бұқарашылдандыру азаматтық құрылыс пен қала 
құрылыстық өнердің даму басымдылығынан ғана емес, сонымен 
қатар шетелдік сәулетшілердің жаңалықтарын белсенді меңгеруден 
көрінді. Озық техниканы меңгерумен және ғылыми білімге 
қызығушылықтың күрт артуымен қоса құрылыстың әлеуметтік-
функционалдық негіздері ұлғаяды (сауда, қойма, фортификациялық, 
өнеркәсіптік имараттар). ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде Петр 
кезеңінің сәулетінде Ресейдің ұлттық қуаттылық идеялары бекітіледі.
Мәскеуде алғашқы көпшілік кітапхана және көпшілік театр, 
Кремльде – арсенал салынады. Құрылысты сәулеттік қадағалау 
ұйымдастырылады, қала құрылысы практикасында жүйелілік пайда 
болады. М. Г. Земцовтың басшылығымен отандық сәулет кадрларын 
дайындау басталады.
ХVІІІ ғасыр сәулетінің қалыптасуы мен дамуында жаңа типтегі 
қала ретінде Петербордың негіздемесі үлкен рөл атқарды. Петер-
бор құрылысы мелекеттің солтүстік шекараларын бекіту және 
Еуропаның маңызды теңіз саудасы жолдарына шығу қажеттілігінен 
туды.


213
Жаңа қала қамал ретінде дұшпаннан қайтарып алған аумаққа 
салынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет