238
Екі бүйір жақ осьтерде ортасында әрқайсысы кең 12 бағаналы
діңмаңдайша және бүйір жағында 6 бағаналы діңмаңдайшасы бар
дербес қасбеттер құрылған.
Неваға қараған ғимараттың бүйірлік бөліктері ұстынтізбек-
термен қоршалған, Адмиралтейство мұнарасының төменгі бөлігі-
нің композициясына жақын көлемді салтанатты аркалар түрінде
берілген. Екінші қабат деңгейінде қарапйым жақтаулар мен теңіз
құдайларының бет пердесі қолданылған.
Мұның барлығы осы сияқты имараттармен ортақ ештеңесі жоқ
данышпандық композиция қаланың үш басты даңғылы қосылатын
кеңістікті ұйымдастырады.
Адмиралтейство ғимараты сәулетінде классицизм кезеңін
аяқтайтын ампир стилінің ықпалы байқалады. Осы уақыттағы
сәулеттік композицияның жаңа тәсілдері ұстынтізбек, арка,
діңмаңдайшаларды еркін пайдалану және олардың тегіс немесе оңай
қашалған қабырғаларының үлкен жазықтығымен қарсыластықта
үйлесімі. Сәулеттің ерлік кескінін жасау мақсатында дорикалық ор-
дер пішіндері, ақ бедерлермен үйлесімде қасбеттердің ашық түске
боялуы жиі қолданылады.
Жаңа салтанатты және ерлік тақырыбын көрсететін ғимараттың
сәнді мүсіндік безендірілуінде жапсырма тәждер, медальондар, ту-
лар, әскери атрибутика орын алады. Мұның барлығы азаматтық,
Ресейдің жалпы мемлекеттік табыстарының патриоттық пікірлер
рухында құрылыстың ортақ стилін жасады.
Эклектиканың кейбір белгілері байқалатын, кейінгі классицизм
стиліндегі Петербордың соңғы сәулет туындыларының бірі Исаа-
киев соборы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: